Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24150 материал табылды

Саясат • 29 Қаңтар, 2024

Түсіністікке қол жеткізілді

Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақ­тастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) тең төрағаларының кездесуі өтті.

Үкімет • 29 Қаңтар, 2024

Күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақ­тыланды.

Үкімет • 29 Қаңтар, 2024

Отандық кәсіпкерлер кеңесінің басқосуы

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында импортты алмастыруды дамыту және отандық тауарлар мен қызметтердің экспорттық әлеуетін арттыру мәселелері қаралды.

Үкімет • 29 Қаңтар, 2024

Ұлттық құрылтай: Жұмыс бағыттары айқындалды

Астанада Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырыстары өтті. Іс-шара барысында Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин құрылтай жұмысының негізгі бағыттары жөнінде Президенттің 3 қаң­тарда «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатында айтыл­ғанын атап өтті. Сондай-ақ осы консультативтік-кеңес­ші органның қызметі аясында Мемлекет басшысы көтерген бастамалардың жүзеге асырылу барысына қысқаша тоқталды.

Қоғам • 28 Қаңтар, 2024

Мамансыз іс мандымайды

«Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек», депті Ахмет Байтұрсынұлы. Иә, ұлт жұмысы – шынында үлкен жұмыс. Ел болған тұста сол ұлт жұмысына көп болып жұмылдық, бірлікке ұйып, білек сыбана кірістік. Бұл жолда тапқанымыз да бар, жоғалтқанымыз да шаш-етектен. Енді барды айтамыз, кем-кетікке келгенде бірімізге біріміз қараймыз, көктен түсе қалғандай бұл не сұмдық деп «көсіле» шабамыз. Тізгініне «жабысып», шылбырынан жетектегендер де, мін таппай қызыл сөздің көркін қыздырғандар да қалысар түрі жоқ. «Шабысқа» жаңа толқын да қосылады. Оларға дау айта алмайсың. Талабың теріс деуге қақың қайсы?

Қоғам • 28 Қаңтар, 2024

Жауынгер сүйегі елге жеткізілді

Екінші дүниежүзілік соғыста әуе қор­ға­­нысы күш­терінің арнайы әскери-көліктік ұшағымен қаза тапқан қазақ жауынгері Қисым Әдиевтің сүйегі 80 жылдан кейін елге жеткізілді.

Қоғам • 28 Қаңтар, 2024

«Қызықты ономастика»

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ІТ мамандары қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында түрлі жобалар жасап жүр. Соның бірі – «Қызықты ономастика» мобильді қосымшасы.

Халық • 28 Қаңтар, 2024

Қазақ – қашанда қазақ!

Қоғам • 27 Қаңтар, 2024

Құндылықтар - Қазақстанның болашағына бағыт-бағдар

Қазақстан стратегиялық зерттеу иннститутындағы (ҚЗСИ) GPS сараптамалық алаңында еліміздің жетекші талдау орталықтары қазақ халқының қазіргі құндылық бағдарлары туралы зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Жастар • 26 Қаңтар, 2024

Жастар тәрбиесіндегі тың өзгерістер

«Тәрбие тал бесіктен» деп, адам бойындағы қадір-қасиетті шарана сәби сәтінен қалыптастыру әдебін алға тартқан халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз өз кезегінде бала бойына тәлім-тәрбие құндылықтарын жастайынан сіңдіру арқылы ұлтымыздың тұтастығы мен тектілігін сақтай білген. Қазақ халқында «тәрбиесіз» деген сөз ең ауыр ұғым болып қабылданады. Осы тұста әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыздың да тәрбиесіз берілген білімнің адам баласы үшін қайырымсыз екенін алға тартып өткені еріксіз ойға оралады.