Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20448 материал табылды

Саясат • 20 Қазан, 2022

Өңір мен өмір немесе Президенттің облыстарға сапары жөнінде бірер сөз

Саясаттың жазылмаған өз қағидаты бар. Билік басындағы адамды тану үшін оның ісі мен сөзіне қарайды. Егер олар бір-бірімен үйлесім тауып жатса, қоғамдық пікір бір арнаға түседі.

Қазақстан • 20 Қазан, 2022

«Мен халқыма сенемін, оның болашағы зор»

Елім деп аянбай еңбек етіп, бар өмірін, күш-жігерін халқының игілігіне жұмсаған тұлғаларымыз баршылық. Сондай ардақты азаматтардың бірі – мемлекет және қоғам қайраткері, аяулы азамат, қазақ халқының біртуар ұлы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев еді...

Қазақстан • 20 Қазан, 2022

Шерағаңның бір ауыз сөзі

1993 жылдың жазында Республикалық Ішкі істер министрлігінің «На страже-Сақшы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары қызметінде жүрген жерімнен «Егемен Қазақстан» газетіне бөлім меңгерушісі болып ауыс­тым. «Егемендегілер» бұрынғы Бас редакторы Шерхан Мұртаза жа­йында жылы-жылы әңгімелер айтатын. Ол кісінің жазушылығы өз алдына, журналистика саласындағы еңбегінің өзі бір төбе. Шерағаң қай басылымға басшы болып барса, сол жерде елді елең еткізер жаңа бір тақырыптар бой көтеретін.

Қазақстан • 19 Қазан, 2022

Маздақ

Абыз Әбіш Кекілбайұлының ана бір жылы оңтүстіктің қасиетті орындарына ат басын бұрып, «жарты ғасырдай қап түбінде шашылып жатқан аруақтардың сүйегін Әзірет Сұлтандағы киелі орнына қайта қойып, Қаратауды қақ жарып өтіп, ескі кеніштерді ерінбей аралап, сүлдерім құрып келе жатсам, Торланның аузынан тағы да Қуаныш тосып алды», – деп жазғаны бар.

Руханият • 19 Қазан, 2022

Ғасыр шежіресі

Бүгінде жарық көргеніне бір ғасыр толып отырған Жамбыл облыстық «Aq jol» газеті өзінің терең жатқан тарихымен ерекше. Биыл 1-мамыр күні газеттің шыққанына 100 жыл толды. «Aq jol» газетінің ғасырлық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұжым қызметкерлеріне арнайы құттықтау хат жолдап, басылымда жұмыс атқарып жүрген барлық қызметкерді айтулы күнмен құттықтаған болатын.

Руханият • 19 Қазан, 2022

Көзбояуы жоқ көріністер

– Көзбояуы жоқ көріністерді жазбай кеттің. Мен іздеп жүріп оқушы едім, – деді бір жер ортасынан асып қалған ғалым кісі сөздің түбін түсіре сөйлеп.– Сізден басқа кім оқиды?– Менің әріптестерім мен таныстарым оқиды. Отырған жерде әңгіме қыламыз. Ол – өмірдің өзі, сен өмірдің сайқымазақ көрінісіне баға беріп отырсың ғой, – деп тәптіштеп кетті.– Әркімнің өз бағасы бар ғой.– Толстойдан бастап, анау Достоевский, орыс классиктерінің бәрі де күнделік жазған. Бұл, бір жағынан, күнделік сияқты нәрсе, мынау жарық жалғанға беретін бағаң. Сен оны тастама, – деп алғырлығы мен білімпаздығын алға тартты. Күнделік деген сөз жаныма жағып кетті. Датасын қойып, күнделік жазбасақ та осының бәрі өмір күнделігіндей боп көрінеді, өйткені сүйіну мен күйіну әркімнің басында бар. Күнделік жазсақ та ерте емес, Пайғамбар жасынан астық. Айы мен күні айтылмаған күнделік менің де көргенім мен білгенім дейік.

Экология • 19 Қазан, 2022

Қоршаған ортаны сақтау – қолымызда

Адамзат өркениеттің артықшылығын пайдалану үшін өзінің денсаулығын тәуекелге тігетінін біле бермейді. Бүгінгі таңда экология ең өзекті мәселе болып отыр. Соның ішінде Қазақстанның экологиялық проблемалары мен оны шешу жолдары да ғаламдық міндеттер қатарында.

Саясат • 19 Қазан, 2022

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

Қарақат Жақсылыққызы Абденді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы

Қазақстан • 19 Қазан, 2022

Сардарлар саптан шықпайды

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу-жаттығу орталығында әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны аяқталды.

Медицина • 19 Қазан, 2022

Паркинсон дертіне дауа мектеп

Президенттің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасында паркинсон ауруы бар пациенттерге арналған мектептің алғашқы кездесуі өтті.