Ұлттық спорт • 10 Қараша, 2022
Көкпар – тектілігіміздің сипаты
Қазіргі көкпарларда бұрынғыдай шын тартыстың болмайтындығы, шабандоздардың алдын ала келісіп алатыны сол үшін де доданың тез тарқап кететіндігі жиі сөз болады. Көкпарда бай-бағландардың ықпалы үлкен екендігі де алға тартылады. Әрине, нағыз шабандозды анықтап беретін бірегей сынақ –дәстүрлі көкпар екені сөзсіз. Осы орайда кезекті көкпар маусымының қарсаңында қалың жұртшылыққа ой салар деген ниетпен атақты шабандоз, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы әрі аудандық көкпар федерациясының төрағасы Әлиакбар Үсіпбеков ағамызды әңгімеге тарқан едік.
Қазақстан • 10 Қараша, 2022
Қазақ әскері ата-бабадан қалған жауынгерлік рухты жоғалтпай келеді. Бүгінде әскеріміз заманауи техникамен, қару-жарақпен қамтылған. Елімізде Қарулы Күштердің бірнеше түрі бар. Ең жас әскер түрі – Әскери-теңіз күштері. Әскери-теңіз күштері 21814 әскери бөлімінің аға матросы, мерзімді қызметтегі әскери қызметші Ернұр Ғалымжановты әңгімеге тарқанымызда ол теңізші болу бала кездегі арманы екенін айтты.
Саясат • 10 Қараша, 2022
Алматыдағы Бітімгерлік дайындық орталығына Канада дипломаттары келді. Жұмыс сапары барысында Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алан Хэмсон мен әскери атташе екінші дәрежелі капитан Рональд Готье бітімгерлік миссияларға қатысу мақсатында әскери қызметшілерді дайындайтын орталықтың қызметімен танысты.
Саясат • 10 Қараша, 2022
Ветеринарлық қауіпсіздік мәселесі
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Алматы қаласында көшпелі отырыс өткізіп, жиын барысында ветеринарлық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді талқылады.
Саясат • 10 Қараша, 2022
Оппозициялық кандидаттың сайлауалды науқаны қалай өтуде?
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізу үстінде.
Саясат • 10 Қараша, 2022
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қаншалықты нәтижелі атқарылып жатқанын нақты айту қиын. Мемлекет қаржысына қол сұққан шенеуніктердің темір торға қамалуы мәселенің шешіліп жатқанын аңғартпаса керек. Проблеманың себеп-салдарымен күресу маңызды.
Саясат • 10 Қараша, 2022
«Мен әйелдерге арналған квоталармен мүлде келіспеймін». Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткер Салтанат Тұрсынбекова Қостанайда құқық қорғаушылармен және заңгерлермен өткен кездесуде осылай деп мәлімдеді.
Саясат • 10 Қараша, 2022
Отбасы институтын нығайту қажет
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті. Жақын және шалғай жатқан елді мекендердің жағдайымен танысып, Арал қаласына барды.
Саясат • 10 Қараша, 2022
«Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасының президенттігінен үміткер Жигули Дайрабаев «Danmard» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат еңбек адамының рөлін арттыру және елдегі жеңіл өнеркәсіптің мәселелерін талқылады.
Саясат • 10 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткер Мейрам Қажыкен Жаңаөзен қаласының сайлаушыларымен кездесті.