Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20301 материал табылды

Пікір • 28 Қараша, 2022

Ауыл түрлене түседі

Павлодар облысының делегациясы қатарынан табылып, сайлауда айқын жеңіске жетіп, Президент болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсіміне қатыстық. Іс-шараның ерекшелігі – ұзаққа созылып, артық ауыз әңгіме айтылған жоқ. Елдің ертеңі үшін қажетті маңызды шаруалар, басым бағыттар нақтыланды.

Пікір • 28 Қараша, 2022

Ел бесігіне – ерекше назар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде ант берді. Туған халқына арнап жүректен шыққан сөздерін айтты. Еліміздің бүгіні мен келешегіне көзделген, жаңа өзгерістердің нақты бағдарламасы мен жоспары айтылды.

Пікір • 28 Қараша, 2022

Қолдау көрсету – баршаның міндеті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа 7 жылдық мерзімге қайта сайлануына байланысты ұлықтау рәсіміндегі сөздерін толық тыңдап шықтым. Президент жауапкершілігіне орасан зор міндеттер алды. Ата Заңымызға қолын қойып, бүкіл халыққа ант беріп, «Мемлекет, ел мүддесі мен үшін бәрінен биік, ел сенімі мен үшін ең үлкен жауапкершілік» деп толғана сөйлеуі – біле-білген адамға өте керемет әсер қалдырғаны анық. Орасан жауапкершілікті мойнына алу, «орындаймын», «орындатамын», «барлық күш-жігерімді жұмсаймын» деп серт беру әркімнің қолынан келмейді.

Пікір • 28 Қараша, 2022

Ақжайық ауылдарының қуанышы

Мен өткен президент сайлауы кезінде Ақжайық ауданы бойынша «Amanat» партиясының штаб жетекшісі болған едім. Науқан кезінде көптеген елді мекенді араладық, халықпен жүздестік. Сол кезде сайлаушылар тарапынан көптеген сауал, ұсыныс, пікір түсті.

Пікір • 28 Қараша, 2022

Жақсы бастама

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа президенттік кезеңіндегі алғашқы Жарлығын ауылды дамытуға арнаймын деді. Осыған ерекше қуандым. Бұл – өте жақсы бастамалардың бірі.

Пікір • 28 Қараша, 2022

Өзгеше өткен ұлықтау рәсімі

Қазақстан Республикасы Президентін салтанатты түрде ұлықтау рәсіміне қатыстым. Процесс бұрынғылардан өзгеше өтті және солай өткені де дұрыс болды.

Пікір • 28 Қараша, 2022

Қазақтың қазығы берік болсын

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзінде қазіргі қоғамға қажетті, елдің дамуы үшін аса маңызды бірқатар мәселені атап көрсетті. Тек айтып қана қоймай, осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Пікір • 28 Қараша, 2022

Көңілге үміт сыйлаған Жарлық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзін бастан-аяқ тыңдап шықтым. Қадау-қадау мәселелер көтеріліп, алда атқарылатын маңызды міндеттер айқындалды. Мен соның біреуіне ғана, бүгінде қалаға тұрақтаған көп қазақтың алтын бесігі – ауылдың тағдырына қатысты мәселеге тоқталайын.

Пікір • 28 Қараша, 2022

Ел өміріндегі айтулы оқиға

Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаевты салтанатты ұлық­­тау рәсімі өтті. Осылайша, Мем­­лекет басшысы өзінің жеті жыл­дық қызметіне ресми түрде кіріс­ті. Бұл еліміздің саяси өмірін­дегі айтулы оқиға екені сөзсіз.

Саясат • 28 Қараша, 2022

Жеңіл өнеркәсіпті қолдау қажет

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте жеңіл өнеркәсіпті дамыту және мақта өңдеу мәселелері талқыланды.