Руханият • 27 Желтоқсан, 2022
Зейнолла Қабдолов туралы жазу оңай емес екенін білемін. Алайда атына бала күнімнен қанық біртуар ғалым туралы өз ойымды оқырманмен бөліскім келді. Маған сөз өнері жайында Қабдоловтан артық мөлдірете жеткізген адам жоқ сияқты көрінеді.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2022
Мұнай-газ саласының көрнекті тұлғасы Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин туралы сыр Тіршілікте байқайтынымыз – адам қандай асулардан асып, биік белестерге шықса да, мәртебелі билікке, ықпалды дәулетке қол жеткізсе де, қаншама жыл өтсе де әкесінің қанымен, анасының сүтімен берілетін тума қасиеттері аса өзгеріске түсе қоймайды. «Асыл адам айнымас» деген осы. Тектілік – адастырмас темірқазық. Қазақстан мұнай-газ саласының қарымды қайраткері Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдиннің тұла бойына біткен тума қасиеттері естігенді қызықтырады, көргенді қайран қалдырады.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2022
Семей күнбағыс майын экспортқа шығарады
Абай облысының орталығы – Семей қаласында өндіріс орындары ашылып, өңір экономикасын дамытудың жаңаша бағыты айқындала бастады. Соның бір дәлелі – қаланың шет аймағынан іске қосылған күнбағыс майын өңдейтін «Qazaq Astyk Group» зауыты. Кәсіпорынды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландырып, ісінің өрге басуына кеңінен қолдау көрсетіп отыр.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2022
Үздік волонтерлер тобы марапатталды
Астанада «Volunteer FEST» фестивалі өтті. Қалалық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылған іс-шарада 50 волонтерлық ұйым 8 бағыт бойынша марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 23 Желтоқсан, 2022
Алаңдататыны – ақпараттық қауіпсіздік
Таяуда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы» бекітілмек. Ақпараттық доктрина – ақпараттық қауіпсіздік мәселесі. Ол әсіресе ақпараттық тұжырымдамаға сай жаңартылуы керек.
Саясат • 23 Желтоқсан, 2022
Елімізде масс-медиа қарқынды дамып, жаһандық үдерістермен қатар жүріп жатыр. Сондықтан отандық БАҚ-тың даму бағытын айқындап, Тұжырымдама жасау күн тәртібінен туындап отырған қажеттілік. Ақпарат – идеялар ағыны. Сәт сайын Қазақстанның ақпарат нарығында үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазіргі кезде ақпарат қоғамға әсер ететін үлкен күшке айналды. Бүгінде уақыт талабына сай тың идея мен тұжырым керек. Бұл ретте, ақпараттық доктринаның бекітілуі еліміздің медиа саласына тың өзгерістер әкеледі деп сенемін.
Саясат • 23 Желтоқсан, 2022
Ақпараттық доктрина: Елдік пен өркениет өлшемі
Бүгінде еліміздің Ақпараттық доктринасы жан-жақты талқыланып жатыр. Құжатта отандық ақпараттық саланы дамыту жөніндегі көзқарастар мен қағидаттар жүйесі, оның ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру тетіктері айқындалмақ. Талқылау 29 желтоқсанға дейін жалғасады. Осы орайда біз Ақпараттық доктринаға қатысты сарапшылардың пікірін ұсынып отырмыз.
Үкімет • 23 Желтоқсан, 2022
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен дипломатиялық корпус, БҰҰ және БҰҰ ДБ өкілдерінің қатысуымен Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) жөніндегі үйлестіру кеңесінің 6-отырысын өткізді.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2022
Абай облысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлімшесі ашылды Семей қаласында «ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа филиалының ресми ашылуы өтті. Оған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Айдар Прашев қатысты.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2022
Теңгелік депозиттер бойынша өтемақы төлеу: банктер 284 млрд теңгеге өтінім қабылдады
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ), 2022 жылдың 23 ақпанын қоса алғанда, теңгеде ашылған депозиттер бойынша 10% көлеміндегі өтемақы (сыйақы) алуға өтініш беру мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталатынын еске салады.