Кино • 13 Қаңтар, 2023
Қазақ тарихы әлі күнге ақтаңдақтарға толы. Ұлт-азаттық қозғалысының ғасырларға созылған жолында тарам-тарам тылсым сырлар әлі де тасада қалып тұр. «Qazaqstan» ұлттық арнасының тапсырысымен режиссер Мұрат Есжан түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалы сол ұлылық пен ұлағатқа, зорлық пен зұлматқа толы замандардан сыр шертеді. Фильмде басын бәйгеге тігіп, азаттықтың асқарына өршелене ұмтылған ұлт қайраткерлерінің қилы тағдырын бейнелеген тереңдігіне бойлата түседі.
Әлем • 12 Қаңтар, 2023
Солтүстік Америка көшбасшылары Мексикада кездесті
АҚШ, Канада және Мексика басшылары Мехикодағы Солтүстік Америка елдерінің саммитіне қатысып, халықаралық сауда, заңсыз көші-қон және аймақтық мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Қаңтар, 2023
Онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарға қандай көмек көрсетіледі?
Елімізде онкологиялық қызметті дамытудың 2025 жылға дейін кешенді жоспарын іске асыруға байланысты бірқатар өзгеріс орын алады. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, «ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма Төрағасы Диляра Қайдарова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Гүлмира Сатыбалдының ісі Астанаға жолданды
Алматыда танымал кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2023
Газдың ресурстық базасын арттырды
«QazaqGaz» «Самұрық-Энерго» компаниясынан газ қоры шамамен 10 млрд текше метрді құрайтын Придорожное кен орнын өз балансына алды.
Руханият • 12 Қаңтар, 2023
Композитор, этнограф А.Затаевич (1869-1936) өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап, өзі өмірден өткенге дейін қазақ өнерін үздіксіз зерттеді. Нәтижесінде, 2000 ән мен 50-ге тарта күйді қағазға түсіріп, 1925 жылы «Қазақтың 1000 әні» және 1931 жылы «Қазақ халқының 500 ән-күйі» атты екі іргелі еңбек жазып қалдырды.
Руханият • 12 Қаңтар, 2023
«Толық адам» ілімін қалай меңгереміз?
Абай – данышпан, хакім, қазақтың идеалы. Шығыстан да, Батыстан да ілім-білім жиған данагөй сол білімнен адамзат биігіндегі өз ойын қорытып шығарды. Анықтап айтқанда, әл-Фарабидің философиялық ғылым көздері, Жүсіп Баласағұнидың мораль философиясы, Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғанидың сопылық ілім негіздері, т.б. ғұламалардың еңбектері арқылы өз іліми мектебін жасақтады.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Қазір Президент Әкімшілігіне өтініш жолдайтын азаматтардың саны айтарлықтай көбейді. Өйткені «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алатын ел азаматтары Мемлекет басшысы айтқан жаңа әрі әділетті Қазақстанды құруға қал-қадірінше үлес қосқысы келеді.
Білім • 11 Қаңтар, 2023
Шетелде білім алу: Мүмкіндік пен мүдде
Қазір елімізде 5,7 миллион жас бар. Олардың басым бөлігі шетелде білім алуды, саяхаттауды армандайды, мақсат қойғандары да бар. Тіпті соңғы жылдары Қазақстанда сыртқы көші-қон толастамай тұр. Жалпы, жастар шетелге қалай шыға алады? Өзге елде олар үшін қандай мүмкіндіктер бар?
Оқиға • 11 Қаңтар, 2023
Дәл осы 11 қаңтарды әлем халықтары ең сыпайы күн деп атайды екен. Бүгін ғаламшарымыздың түкпір-түкпірінде дүниежүзілік «Рахмет» күні тойланады. Атаулы күн жылулық пен қайырымдылық шашатын жалғыз тәулік емес, әрине. Адамзат бір-біріне жыл он екі ай бойы мейір шуағын төксе – құба-құп.