
Руханият • 11 Қаңтар, 2023
Алашқа құрмет – ауылдан Алаш қаһармандары туралы ең алғаш көзі ашық, көкірегі ояу ата-әжелеріміздің аузынан естідік. Қуғын-сүргін көрген атамның әңгімесін бүкіл ауыл ұйып тыңдайтын. Әсіресе 90-жылдардың соңында көп ауылда не жарық, не байланыс жоқ, кешқұрым үлкендер алқақотан жиылып, малдас құрып, тарихи әңгіме-дүкен бастайтын. Тыңдарманын жалықтырмай, құлақ құрышын қандырып, зор махаббатпен баяндайтын кеудесі көмбе, көнекөз ақсақалдардың бауырында жатып, рухты сөздерін санаға тоқып, сүйегімізге сіңіріппіз.
Руханият • 10 Қаңтар, 2023
Жаңа Қазақстанды құруда отансүйгіштікке тәрбиелейтін кітап жарық көрді
2022 жылы белгілі мемлекет қайраткері, Қазақстанның Ресейдегі көпжылдық елшісі, ЕурАзЭО Бас хатшысы, Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі болған Таир Мансұровтың «Тамаша адамдар өмірі» атты сериялық кітабы «Молодая гвардия» баспасында жарық көрді.
Технология • 10 Қаңтар, 2023
Open API мен Open Banking дамиды
Қазақстан Ұлттық банкі төлемдер және қаржылық технологияларды дамыту орталығымен бірлесіп, Open API мен Open Banking-ті 2023-2025 жылдары Қазақстанда дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Оқиға • 10 Қаңтар, 2023
Жыл басы еліміздің біраз аймағында ақтүтек боранмен басталды. Ал ат құлағы көрінбес боранды күні Зайсан ауданында ерекше жағдай орын алды. Бұл қайсарлық пен ерлікті елемей кету мүмкін емес.
Технология • 10 Қаңтар, 2023
Ендігі жерде сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы ақпаратты eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасынан алуға болады. Қызмет онлайн режімінде қолжетімді және тегін көрсетіледі.
Саясат • 10 Қаңтар, 2023
2018 жылдың наурыз айында Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл» кеден бекетіне қарасты бақылау-өткізу пункттерінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің көптеп орын алуын анықтады. Іле-шала бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеденнің абыройына кір келтіретін ақпараттар жиілеп кетті. Содан кейінгі сценарийлер өздігінен белгілі. Кеден бекетінің басшысынан бастап, біраз кадрлық ауыс-түйістер басталды. Дәл сол кезде ойламаған жерден маған: «Сіз Қытаймен шекарадағы ахуалды жақсы білесіз. Жуырда «Алтынкөл» кеден бекетіне басшылық орынға конкурс жарияланғалы жатыр. Сол конкурсқа қатысып көрсеңіз қалай болады?» деген ұсыныс түсті. Ол кезде «Астана-әуежай» кеден бекетінің басшысы қызметінде болатынмын. Басшылық сенім артып тұрған соң, амал жоқ, келістім.
Кино • 10 Қаңтар, 2023
Қазақстанда Голливуд фильмдерін дубляж жасаудың 12 жылдық тарихында қазақ тіліне аударылған «Аватар: су жолы» фильмі алғаш рет кассалық табыс бойынша абсолюттік рекорд орнатты. Бұл жаңалықты Disney студиясының ТМД және Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – Meloman компаниясы хабарлады.
Саясат • 10 Қаңтар, 2023
Еліміздің қай шаһарына барсаңыз, сәні келіскен аялдамалар көзге түседі. Қыста арнайы жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген аялдамалар тұрғындардың зор сұранысына ие. Өкініштісі сол, бұзақылардың кесірінен соңғы уақытта қоғамдық мүліктердің бұзылуы жиі тіркеліп отыр.
Ғылым • 10 Қаңтар, 2023
Ғылым мен мәдениетті ұштастырған
Ауыл мектебіндегі физика пәнінің мұғалімі Өзбеханның айтатын ғарыштық физика V3 формулаларын қаршадай қағілез бала Ұлықпан Есілханұлы санасына сіңіріп алған. Жанары жалт-жұлт етіп, санасы мына кеңістікті тұтастай тіліп өтіп, галактикалардан да әрмен жатқан квазарларды кезіп кететін...
Технология • 10 Қаңтар, 2023
Декларация тапсырудың жаңа сервисі
Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру үшін жаңа функционал іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.