Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3966 материал табылды

Пікір • 26 Сәуір, 2023

Еркіндік және нарықтық қатынас

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-эконо­микалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңестен аңғарғанымыз: бізде мұн­дай ауқымды іс-шараны ұйымдастырудың жаңа мәдениеті қалыптасып жатыр. Президент енді елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдері­сіне билік­тің барлық деңгейіндегі тармақтары қатысатынын осы фор­­мат арқылы анық аңғартты. Бұл билікті орта­­лық­сыздандыру саясатының басталғанын көрсетті.

Әдебиет • 26 Сәуір, 2023

Сезімі сәруар суреткер

Әдебиет әлеміндегі кез келген құбылысты қалт жібермей қадағалап, таза шығармашылықпен айна­лысуға тіршілік қамыты мойын бұрғызбайтын өлара мезгілде, таланттарымызды құмнан алтын сүзгендей іздеп отыратын мүмкіндіктің қолы байланғанын несіне жасырайын?! Бүгінгі ұрпақтың көзіне мүлде басқа планетада болған қиял-ғажайып ертегідей елестейтін өткен ғасырдың сонау сексе­нінші жылдары жасы елуге келген ақын-жазушы­лардың жетістіктері, шығармашылық табысы, жаңа­лығы мен жеткен биігі жөнінде жанашыр ағалары салиқалы сөз бастап, соңынан ерген інілері қостап, мақалалар жазылып, дүние дүркіреп жататын.

Қоғам • 25 Сәуір, 2023

Z ұрпақ: Интернетті қолдану мен еңбек нарығы

Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желінің әлеуеті басым. Содан болар Z ұрпақ ғаламторда коммуникация құралы ретінде интернет-мемдерді (ағыл. meme – интернетте тарайтын тапқыр, кекесінді мағына беретін сурет немесе бейнежазба түріндегі ақпарат) жиі қолданады. Аталған буынның еңбекке деген көзқарасы да зерделеуді қажет етеді. Z ұрпақтың осы және өзге ерекшеліктерін «Global Web Index» (GWI) пен «Randstad» атты екі компания сауалнама нәтижесінде анықтады.

Руханият • 25 Сәуір, 2023

Кішілік пен кісілік

Таяуда қаламгер Қали Сәрсенбайдың «Журналист – өмір бар­лау­­шысы. Журналистика – өмір мектебі» атты сұхбат кітабы жарық көрді. Оның кейіпкері – төл баспасөзімізде 48 жыл тынбай еңбек еткен кәсіби журналист Жанболат Әлиханұлы Аупбаев. Өмірден көргені мен түйгені мол аға буын өкілінің авторға диалог, интервью түрінде айтқан әңгімелерінде кешегі заман, бүгінгі қоғам жөніндегі ойлары ешкімді енжар­ қалдырмаса керек. Кейіпкердің, әсіресе қазіргі қазақ рухания­тын­дағы тұлғалар, олардың орны мен рөлі туралы түйіп айтқан толғамдары ерекше.

Жәдігер • 25 Сәуір, 2023

«Бөстек»

Сәбит Мұқановтың музейіндегі қонақ бөлменің төрінде жатқан аюдың терісіне алпыс жылдан астам уақыт өтіпті. Айтсаң, аңыз сияқты.

Руханият • 25 Сәуір, 2023

Ұлт этнографиясының қайраткері

Қазақ халқының тұрмыс-салты, дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, қолөнері – тұтас болмысының бір бөлігі. Түптеп келгенде, мұның бәрі халықтың ұлан-ғайыр тарихымен тығыз байланысты. Қаншама уақыттан бері халықтың осынау рухани, заттық мәдениеті толыққанды зерттелмей келді. Оның түрлі объективті және субъективті себептері болды. Басты себептердің бірі – ұлттың біртұтас, іргелі қоныстану жағдайының өзгеріске түсуі, этномәдени ортасының бүлінуі еді.

Тұлға • 24 Сәуір, 2023

Мәтінге мән берсек...

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі ғасырдың ұрпағына да белгілі талант иесі, ақын Қадыр Мырза Әлінің өлеңдері ел аузында жиі айтылатын афоризмге айналғанын бәріміз білеміз. «Өлеңге айтып қойыппын, Өмірдің айтпа дегенін» деп, бар болмысын поэ­зиясына сыйдыра білген Қадыр ағамыздың «көзі кеткеннен» кейін шығармаларына қиянат жасап жүрген жайымыз бар.

Пікір • 23 Сәуір, 2023

Саяси реформа – елдіктің ұстыны

Ел тағдырына әрбір азамат жауапты. Шынында да, әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз елдің бүгіні мен ертеңі үшін маңызды. Осы орайда елімізде кейінгі бір жылда болған саяси оқиғаларға көзқарасымды білдіру парызым деп санаймын.

Музей • 23 Сәуір, 2023

Ұлттық музейдің жаңа екі залы

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейде «Қолөнершілер орталығы» мен «Палеонтология» залының ашылу салтанаты өтті.

Инфографика • 21 Сәуір, 2023

Қатыгез бала қайдан шығады?

Кейінгі кездері жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, әлім­жеттік, буллинг, суицид оқиғалары жиілеп кетті. Өске­мен қаласын­дағы қыздар төбелесі, Түркістан облы­сындағы оқушы қыздың өлімі, Алматы облысындағы бір мектептегі оқиға сал­дарынан екі баланың қайтыс болуы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен отбасы құндылықтарын дәріптеу мәселесі күні кеше Үкімет үйінде өткен алқалы жиында да көтерілді. Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кеткенін айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сорақы жағдай­лар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отыр. Тіпті ата-аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбы­лықтың алдын алу жұмысы әлсіз. Жауапты мекемелер мен құқық қор­ғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ», деп бұл бағыт­тағы жұмыстарды сынға алды. Рас, ендігі жерде мұндай жантүршігерлік оқиғаларға өкініш білдіріп немесе сырттай қарап отыру мүмкін емес. Сол себепті де «Egemen Qazaqstan» газетінің кезекті дөңгелек үстеліне білім мен тәрбие саласына жанашырлық танытып жүрген қоғам мүшелерін жинап, көкейкесті мәселені жан-жақты талқылаған едік.Дөңгелек үстелге еліміздің бала құ­қы­ғы жөніндегі уәкілі Ару­жан Саин, Мәжіліс депутаты Аман­жол Әлтай, педагог-психолог Әсия Серікова, республикалық «Qazbilim» орталы­ғының және Аста­на қаласындағы Қ.Мұхамедханов атын­дағы №90 ұлттық гимназияның дирек­торы Аятжан Ахметжанұлы, Ұлыт­ау облысы білім басқармасының бас­шысы Сапура Төлекова, Аста­на қаласы полиция департаменті Жер­гі­лікті полиция қызметі басқарма басты­ғының орынбасары Қанат Нысантаев, ата-аналар өкілі, журналист Данияр Есен және «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлес­тігінің жетекшісі Нұркен Асанов қатысып, тақырыпқа қатыс­ты ой-пікірлерін ортаға салды.

Яндекс.Метрика