
Қоғам • 23 Қаңтар, 2023
Еліміздің жаңа даму белесіне, саяси жүйені түбегейлі жаңғырту мен трансформациялау жолына басқан қадамы – Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы. Парламенттің төменгі палатасының жаңартылған құрамын қалыптастыру арқылы жүйелі реформаларды іске асыру – сайлаудың ашық және бәсекеге қабілетті түрде өтуін талап етеді. Ортақ мақсат пен мүдде, берекелі бірлігіміз үшін жасаған таңдауымыз кемел келешегімізге кепіл болары анық.
Саясат • 23 Қаңтар, 2023
Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаудың басты ерекшеліктерінің бірі – аралас сайлау жүйесі бойынша өтуі. Яғни ондағы 69 депутат партиялық тізіммен пропорционалды жүйе бойынша, ал 29 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланады.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2023
Қазақша дәріс оқитын Ниномания сэнсэй
Биыл елімізде жапонтану саласының пайда болып, іргетасының қаланғанына отыз жыл толып отыр. Расында да, осыдан дәл отыз жыл бұрын, 1992 жылы республикамызда алғаш рет Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында жапон тілі мен әдебиеті кафедрасы ашылды.
Тарих • 23 Қаңтар, 2023
XX ғасырдың басында Алаш ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері саяси сахнаға шықты. Алайда олар кеңес өкіметінің орнауымен әртүрлі жағдайға ұшырады, жер аударылды, тұтқындалды, атылды. Ал Мұстафа Шоқай ғұмырының 20 жылдан астамын әділеттілік пен заңдылықты қатаң ұстанған Францияда, шетелде өткізуге мәжбүр болды.
Тарих • 23 Қаңтар, 2023
Кейінгі жылдары қазақ тарихын, оның ақтаңдақ беттерін ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеулер көптеп жазылып жүр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен тұлғалар тарихын саралау жаңа белеске көтерілді. Ал бүгін Әбілқайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Шығай сұлтанның ұлы Көшекқалидың өмір жолы мен оның ұрпақтарына тоқталмақпыз.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2023
Кеңес одағы басшылығының ұйғарымымен «Капустин Яр» әскери полигонына айналған Батыс Қазақстан облысының Орда ауданы 1952 жылы таратылады. «Ел аман, жұрт тынышта жер аударып, Зарлады-ау, Құм Нарынның жас баласы» деп ақын Қайрат Жұмағалиевтің анасы Жаңылғаным Өкенқызы жырлағандай, аудан халқы ата-баба қонысын, мал-мүлкін еріксіз тастап, республикалық ішкі депортацияға ұшырайды. Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсіретін Ильичев ауданына Орда ауданының «Интернационал», Калинин, Каганович атындағы және көрші Жаңақала ауданының Ленин атындағы, «Сары өзен» – барлығы 5 ұжымшардан депортацияланған 724 адамның аянышты тағдыры, әсіресе жұқпалы іш-сүзегіне ұшыраған балалар өлімі бүгінге дейін ашық айтылмай келген еді.
Білім • 23 Қаңтар, 2023
Елімізде жатақхана құрылысы азайған
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 43 жатақхана пайдалануға берілді. Одан бір жыл бұрын 82 жатақхана салынған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom сарапшыларына сілтеме жасап.
Білім • 23 Қаңтар, 2023
Өңірлерде білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарының әкімдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қаңтар, 2023
Құлдыққа түскендер елге оралды
Дубайға жұмыс істейміз деп барған екі Қазақстан азаматы хабар-ошарсыз кеткені анықталды. Кейіннен олардың құлдыққа түскені туралы мәлімет тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 23 Қаңтар, 2023
Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің сайлауы 19 наурызда өтетіні туралы Жарлыққа қол қойды. Жалпы, бұл сайлау осыған дейін өткізілген саяси іс-шаралардан өзгеше өткелі тұр. Оның бірнеше себебі бар.