
Қоғам • 02 Ақпан, 2023
Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов пен комиссия хатшысы Тастемір Әбішев Еуропа Кеңесінің заң мамандықтары өкілдеріне арналған Адам құқықтары саласындағы еуропалық білім беру бағдарламасының (HELP) сарапшылары Сергей Дикман мен Кристина Хохлованы қабылдады.
Руханият • 02 Ақпан, 2023
XX ғасыр басында қазақ қоғамы жаңа саяси кезеңдерді бастан кешіріп, сапалық жағынан өсуге талпынды. Алғашқы ұлттық басылымдар, ұлттық мектептер пайда болып, ағартушылық қозғалыс кең қанат жайды. Ресей түркілері арасындағы жаңашыл қоғамдық-cаяси және ағартушылық қозғалыс жәдитшілдік деп аталды. Одан қазақ қоғамы да қағыс қалмады. Елімізде жәдиттік бағыттағы ағартушылық біршама өркен жайып, Алаш идеясын өрістетті. Бұл – ұлттың қайта өркендеу, тұтастану һәм бірігу кезеңі еді. Осы жолда алғашқы ұлттық басылымдар тарихи міндетін адал атқарып, соңына дейін ұлттық бағыттан ауытқымады. Тарихымызда тұңғыш рет ұлттық мерзімді басылым ұстанымын, тұжырымын, кәсіби мазмұнын айқындаған жалпыұлттық «Қазақ» газетіне биыл, міне, 110 жыл толып отыр.
Әдебиет • 02 Ақпан, 2023
Әрине, ол кісі туралы жазғанда Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы деген сияқты дәстүрлі, кейде жаттанды сөздермен бастаудың қажеті шамалы болар. Көзіқарақты оқырман жата-жастана оқыған «Қан мен тер», «Курляндия», «Соңғы парыз» кітаптары қалың қазақ құрмет тұтар қастерлі дүниеге айналды. Оның аты алты Алашқа ғана емес, әлем жұртшылығына да жақсы мәлім. Қажырлы еңбек, арлы қаламымен жазған шығармалары шетел тілдерінде сөйлеп, талайды тамсантты. Қазақ деген тағдырлы халықтың басынан өткен аумалы-төкпелі заманның суретін шұрайлы тіл, кемел ойымен көркем кестеледі. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сынды әдебиет алыптарынан кейін жарқырап көрінген биік тұлға, парасатты жазушы – осы Әбең.
Егемен Қазақстан • 02 Ақпан, 2023
Өнер • 02 Ақпан, 2023
Өзбек тіліндегі қазақтың 100 өлеңі
Ұлттық кітапханада «Жас қалам», «Әдебиет әлемі» бірлестігінің жетекшісі Мұратхан Шоқанның бастамасымен «Жүз өлең» жобасы бойынша Өзбекстанда өзбек тілінде жарық көрген Қазақстанның 20 жас ақынының өлеңі енген «Юз шеьр» кітабының тұсауы кесілді.
Саясат • 02 Ақпан, 2023
Ерұлан Жамаубаев Ресейдегі сауда өкілдігін жабу туралы шешімді түсіндірді
Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ресейдегі сауда өкілдігін жабу туралы шешімді түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2023
Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі жетілдіріледі
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2023
Астанада тас өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі өтті
Аталған көрмеге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Samruk-Kazyna Construction компаниясының, Ұлттық жобалаушылар қауымдастығы мен тас өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері қатысып, былтыр атқарылған жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 02 Ақпан, 2023
20 жыл бұрын банкротқа ұшыраған кәсіпорын қызметкерлері төлемдерін ала алмай жүр
Сенатор Бекболат Орынбеков еліміздің Премьер-министрі мен Бас прокурорына жолдаған депутаттық сауалында банкротқа ұшыраған «Қаратау» АҚ кәсіпорнының қызметкерлері заңға сәйкес тиісті төлемдерін 20 жылдан астам уақыт бойы ала алмай жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Ақпан, 2023
Елордада 440-тан астам интернет-алаяқтық фактілері тіркелді
Елордада интернет - алаяқтық фактілерінің саны артып келеді. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz