Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20294 материал табылды

Мәдениет • 09 Ақпан, 2023

Осы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?

Оқырман назарына Астана мен Алматы қалаларында өтетін мәдени шаралар тізімін ұсынамыз.

Ғылым • 09 Ақпан, 2023

Ғалымдар жаңа сақина жүйесін тапты

Ғалымдар Күн жүйесінің шетіндегі ергежейлі планетаның айналасынан жаңа сақина жүйесін тапты. Сақина жүйесі басқа жүйелерден қарағанда әлдеқайда алыс айланады. Бұл жаңалықты Шеффилд университеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 09 Ақпан, 2023

Жауынгер жолы

Биыл 15 ақпанда кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толады. Бұл әскери қақтығыс XX ғасырдың қаралы тарихының белгісі болып қалады. Өмір мен өлімнің ортасында азаматтық борышын өтеген сан мыңдаған жас өркеннің тағдырына көп өзгеріс әкелген де осы Ауған қасіреті еді. Дерекке жүгінсек, елден 22 мың сарбаз аттанып, олардың 10 мыңға жуығы қаза тапқан, ал 21 жауынгер із-түзсіз кеткен екен.

Театр • 09 Ақпан, 2023

Тәлкекке түскен тағдырлар

Мұхтар Әуезов театры жыл­ашар шы­мылдығын Флориан Зел­лердің «Әке» пьесасы премьерасымен ашты. Орыс тілінен аударған – Қазақстанның Ха­лық әртісі Тілектес Мей­рамов.

Қазақстан • 08 Ақпан, 2023

Президент резиденциялары – балалар игілігіне

Бес аймақтағы Президент резиденциялары балалар игілігіне берілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз қалаларындағы «Пре­зидент үйлерін» мектеп, балабақша немесе сауықтыру лагерьлеріне айналдыруды тапсырды. Ал ғимараттардың нақты қандай мақсатта қолданысқа берілетінін енді облыс әкімдіктері анықтап, жүзеге асырмақ.

Қоғам • 08 Ақпан, 2023

Әке көрген оқ жонар

«Отан отбасынан басталады» – орынды айтылған дана сөз. Отбасынан алған үлгілі, өнегелі тәрбие – кез келген баланың ал­дағы уақытта белгілі бір жетіс­тік­ке жетуіне, сондай-ақ өмірінде өз орнын адас­пай табуға жетелейтіні сөзсіз. Оған дәлел бүгінгі әң­гі­ме­ге арқау болар әске­ри қызметшілердің отбасы.

Өнер • 08 Ақпан, 2023

Орны бөлек оркестр

Осынау жер бетіндегі әрбір халықтың ұлт болып қалыптасуының қайнар көзі тағылымға толы дәстүр-ғұрпы, салт-санасы, ұлттық мәдениетінен бастау алары сөзсіз. Ал қазақ руханиятының бір шыңында атадан балаға мирас болып, бүгінге жеткен халық аспаптық, ұлттық музыка өнері тұр. Ұлттық аспаптар арқылы халқымыздың саналуан мәдениетін, асқан даралығын көрерменге паш етіп, танытып келе жатқан өнер ордалары аз емес.

Қоғам • 08 Ақпан, 2023

Бауырлас Түркияға киіз үйлер жіберіледі

Қызылордалық кәсіпкерлер Мұрат және Марат Сәрсенбаевтар Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде киіз үй жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 08 Ақпан, 2023

Жер сілкінісі салдарынан 9 мың адам көз жұмды

Жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны ресми түрде 9 000-ға жетті. Түркияда 6 957, Сирияда 2 500-ге жуық адамның өлімі расталды. Бұл ақпаратты Түркия мен Сирия үкіметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 08 Ақпан, 2023

«Болашақ» түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге IT, телекоммуникация, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп саласындағы 20-ға жуық компания қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.