Қоғам • 01 Наурыз, 2023
Тарихи құжаттар – замана зердесі
Еліміз үшін тарихи маңызы бар құжаттарға қатысты сөз қозғағанда, алдымен Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві қызметкерлерінің атқарған жұмысына кеңінен тоқталған жөн. Бұл ретте олар «Архив-2025» жобасы аясында ауқымды жұмыс атқарып келеді. Биыл Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің үйлестіруімен республикалық мемлекеттік архивтер, оның ішінде Ұлттық архивтің қызметкерлері алыс және жақын шетелдерге барып, еліміздің тарихына байланысты тың материалдар мен құнды құжаттарды жинақтап, оларды елімізге жеткізген. Мәселен, Ұлттық архив мамандарының тобы Германиядағы Федеральды архивте, Пруссия мәдени мұрасының құпия мемлекеттік архивінде, Стази архивінде, Дрездендегі «Саксондық мемориалдар» қорының құжаттама орталығында, Дрезден қалалық Орталық мемлекеттік архивінде өнімді жұмыс істеді.
Партия • 28 Ақпан, 2023
Азаматтардың мүддесін қорғау – абыройлы іс
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидат Талғат Омаров «Астана су арнасы» кәсіпорны ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Партия • 28 Ақпан, 2023
Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Тараз қаласының еңбек ұжымдары және тұрғындарымен кездесті. Басқосу барысында партия мүшелері жергілікті тұрғындарды сайлауалды бағдарламаларымен кеңірек таныстырды.
Партия • 28 Ақпан, 2023
Елорданы газбен қамтамасыз ету – экологияны оңалтудың басты жолы. Бұл ретте «Байтақ» партиясының мүшелері елордада тұрса да, әлі күнге дейін көмір жағып, газдандырылмаған үйде тұратын тұрғындармен кездесті.
Партия • 28 Ақпан, 2023
«Respublica» партиясының өкілдері елімізге озық технологияларды жеткізетін кәсіпкерлермен кездесу барысында сайлауалды бағдарламаларының негізгі мақсаттарымен таныстырды.
Партия • 28 Ақпан, 2023
Қазақстан Халық партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Ермұхамет Ертісбаев пен партия мүшелері Ирина Смирнова, Асылбек Нұралин Өскемендегі ГЭС пен облыстық полиция департаментіне қарасты емхана ұжымымен кездесті.
Партия • 28 Ақпан, 2023
«Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Қайрат Айтуғанов, Николай Арсютин, Серік Егізбаев, Рабиға Тоқсейітова, София Әбдіразақова еліміздің солтүстігіндегі үш облысты ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Есіл су» кәсіпорны ұжымымен кездесті.
Партия • 28 Ақпан, 2023
«Amanat» партиясының партиялық тізімі бойынша Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Сергей Вишняк, Күлпаршын Айдарханова, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Әсел Сарманова және Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ғалымжан Елеуов «Глобал» ЖШС ұжымымен кездесті.
Пікір • 28 Ақпан, 2023
Бірден айтайық, біз Қазақстандағы депортацияға ұшыраған ұлт пен ұлыстардың тарихын түзген кезде мұндай сұрқия әдістің әуелі қазақтарға қатысты қолданылғанын білуіміз керек. Яғни қазақ ұлтына қатысты жазалау мен жер аудару саясаты кеңес одағындағы азамат соғысы аяқталысымен-ақ басталып кеткен болатын.
Экономика • 28 Ақпан, 2023
Қаңтарда қанша алтын құйма сатылды?
2023 жылдың қаңтар айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пункттерінде жалпы салмағы 79,5 кило болатын 2 364 алтын құйма сатылды.