Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20450 материал табылды

Партия • 02 Наурыз, 2023

Жаңа жұмыс орындары ашылады

«Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Атырау облысында кездесулер өткізді. Атап айтсақ, Мақат ауданының Доссор кентінде мұнай саласының еңбек ардагерлері және қоғам өкілдерімен жүздесті.

Саясат • 02 Наурыз, 2023

Бюрократиядан арылу – бүгінгі күннің талабы

2022 жылдың 12 желтоқсанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюрократиядан арылту бойынша жүйелі жұмыстарды, әсіресе жергілікті атқарушы органдардың деңгейінде одан әрі жалғастыруды тағы да шегелеп тапсырды. «Азаматтардан ең көп сұраныс бар процедуралар оңтайландырылып, қайта қаралуға тиіс», деді Президент.

Партия • 01 Наурыз, 2023

Социал-демократтар идеясы ұтымды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидат Ажар Сағындықова мәдениет қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және жастармен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Іс-шара С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылды.

Партия • 01 Наурыз, 2023

Салықтан босатуды ұсынды

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы мүшелері Дания Еспаева мен Серік Ерубаев Атырау қаласының шағын және орта бизнес өкілдері және банк қызметкерлерімен кездесті.

Партия • 01 Наурыз, 2023

Өңірлердің экологиялық жағдайы

«Байтақ» партиясының мүшелері Сәтбаев қалалық емханасында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесті. Жиында саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

Партия • 01 Наурыз, 2023

Сапалы медицина – саулық кепілі

Қазақстан Халық партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Нұрсұлтан Шоқанов пен Эльмира Әуезова Алматы қаласындағы «Caspian Beverage Holding» ЖШС ұжымымен кездесті.

Партия • 01 Наурыз, 2023

Сенім – ең үлкен құндылық

«Respublica» партиясы жаңа мүшелерінің саны бойынша Қостанай облысы көш бас­тап тұр. Бұл туралы партияның осы облыстағы шаралары кезінде айтылды. Өңірде Парламент сайлауы қарсаңында халықтың саяси белсенділігінің жоғары екенін атап өтуге болады.

Партия • 01 Наурыз, 2023

Фермерлерді қолдау қадамы

Қостанай қаласында «Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттар Қайрат Айтуғанов, Николай Арсютин, София Әбдіразақова, Светлана Прокопьева, Рабиға Тоқсейітова, Берікжан Қайыпбай дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Партия • 01 Наурыз, 2023

Моноқалалардың ортақ проблемасы

«Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қостанай облысының Арқалық қаласында сайлаушылармен бірқатар кездесу өткізді.

Қазақстан • 01 Наурыз, 2023

Рахмет саған, туған жер!

Әрбір адам баласының кіндік қаны тамған мекен оның туған жері. Туған жер, өскен орта сол себептен де адамның түп қазығына баланады. Өмірге деген іңкәрлігің туып-өскен топырағыңа деген ыстық сезіміңмен ұласып, тамырыңа қан жүгіртеді. Сол арқылы болашаққа бағыт алып, бет түзейсің. Қай биікке шықсаң да бала кезде көз алдыңда қалған ауылыңның ақеділ адамдары санаңның түкпіріне қатталып, ойыңнан кетпейді, жадыңда жаңғырып тұра береді. Бұл кез-келген адамның басында болатын хәл. «Әркімге өз туған жері – мысыр шәрі» деген сөз осыдан қалса керек. Туған жердің жыңғылы мен жусаны, қамысы мен қарағайы, ойы мен қыраты, қарақаты мен бүлдіргені, шұбатылған өзені, керек болса қырында жатқан түйір тасына дейін қымбат. Сол кішкентай ауылдан бастау алған балаң сезім, тұтас туған отанды сүюге жетелейді.