Ата заң • 10 Наурыз, 2026
Ольга Қалдыбаева: Конституциялық реформа – уақыт талабына сай жасалған қадам
Мемлекеттің Ата заңына өзгерістер енгізу мәселесі әрқашан кең қоғамдық қызығушылық тудырады. Себебі ол мемлекеттік құрылымның негізгі қағидаттарына әсер етеді. Алайда конституциялық реформалар ешқашан кездейсоқ пайда болмайды. Олар тек қоғам институционалды жаңартуды қажет ететін трансформацияға мұқтаж болған кезде орын алады. Қазақстандағы конституциялық реформа бойынша алдағы референдумды осы тұрғыда қарастыруға болады.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді
Жезқазғандағы С. Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында «Әділ және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшелері облыс тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 07 Наурыз, 2026
«Ордабасы» және «Ертіс» матчы алдында жаңа Конституцияны қолдауға арналған іс-шара өтті
Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры қарсаңында жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға мыңдаған жанкүйер жиналып, үлкен спорттық мерекенің куәсі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 06 Наурыз, 2026
Конституция – мемлекет пен адам арасындағы қоғамдық келісімшарт
Конституция – еліміздің заңнамалық негізі. Ол уақыт талабына сай өзгеріп отыруға тиіс. Бұл туралы Атырау облыстық алқасының адвокаты Нұрлан Жолболов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті. Қоғам өкілдері, өндіріс саласының мамандары, жастар және аймақ белсенділері жаңа Конституцияның маңыздылығы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
Астанада жаңа Конституция жобасы бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары өтті
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Астанадағы еңбек ұжымдарымен және тұрғындармен, жастармен бірқатар мазмұнды кездесу өткізді. Ашық диалог форматында ұйымдастырылған іс-шаралардың басты тақырыбы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері және алдағы референдум болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
«Хабар» мен 24KZ жаңа маусымда көрерменге қандай жобалар ұсынады?
«Хабар» мен 24KZ арналары көктемгі маусымда контент стратегиясын жаңартып, тың телеөнімдер топтамасын көрермен назарына ұсынғалы отыр. Бұл жолы арналар ең алдымен көрермен сеніміне, салмақты талдау мен сараптамаға және қоғаммен ашық әңгімеге басымдық бермек. Мақсаты – ақпаратты жеткізу ғана емес, оның мәнін ашып, ел көкейіндегі сауалдарға жауап беру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 03 Наурыз, 2026
«Адал азамат» бағдарламасы: Оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін меңгереді
Еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағы, ең алдымен, жас ұрпақтың қандай құндылықтармен тәрбиеленетініне байланысты. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының мазмұнын жаңарту, оны заманауи талаптарға бейімдеу аса маңызды. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – өскелең ұрпақты жауапты, заңға құрметпен қарайтын әрі саналы азамат етіп қалыптастыруға бағытталған кешенді жоба.
Ата заң • 03 Наурыз, 2026
Мұхтар Төлеген: Ата заң – әділетті қоғамның берік тұғыры
Ата заң – мемлекеттің құқықтық, саяси және қоғамдық дамуының басты іргетасы. Ол елдегі барлық құқықтық жүйенің өзегін құрай отырып, мемлекеттік биліктің тармақтары арасындағы тепе-теңдікті айқындайды, азамат пен мемлекет арасындағы жауапкершілікті нақтылайды. Конституция – тек заңдар жиынтығы ғана емес, ол қоғамның құндылықтары мен болашаққа деген бағдарын айқындайтын стратегиялық құжат.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Маңғыстауды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне нүкте қойды
Маңғыстау облысында соңғы жылдары Президент тапсырмасымен ұзақ уақыттан бері қордаланған инфрақұрылым мәселелері шешілді. Олар Кеңес заманынан бері күн тәртібінен түспей келген еді. Бүгінде өңір қарыштап дамып, әр салада ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы осы және Ата заңның жаңа нормалары туралы облыс тұрғындарымен сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.