Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3478 материал табылды

Өнер • 06 Наурыз, 2023

Меруерттің моншақтары

«Құралай көз, қолаң шаш,Алма мойын, қиғаш қас». Иә, әдемілік – әйелге тән. Көктемнің қызғалдағындай құлпырып кететін қыз-келіншектердің ажарын ашатын алқа, жүзік, сыңғырлы сырғасын жасауда өзіндік өрнегін қалыптастырған, бәсекелестікте бәсі жоғары қолөнер шебері Меруерт Ермекованың «Алтын тас» аталатын брендтік бұйымдары әрдайым сұранысқа ие.

Тарих • 05 Наурыз, 2023

Қайып батыр ауылы десек қайтеді?

Бурабайдағы Абылай хан ордасы – Түркістан, Ұлытау секілді Қазақстан тарихында іргелі орны бар, ұлтымызды ұйыстыра білген үлкен ұлыс. Ал өткен жылдарда Түркістанды түлету жұмыс­тары қарқынды жүргізілді. Кейінгі екі-үш жылда Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау өңірін дамытуға зор көңіл бөліп, бірсыпыра шаруа атқарылды. Абылай хан ордасы да осындай маңызға ие қасиетті мекен. Жаңғыртатын жайттары да көп.

Руханият • 05 Наурыз, 2023

Жетісу бұлбұлы

Қолына қаршадайынан домбыра алып, қазақ даласына даңқы шыққан ақын, әнші, сазгер Біржан салмен айтысып, айтыс өнерінің шырқау шыңына көтерілген, осы күнге дейін асыл мұрасы көркемділігі, мазмұндылығымен дәріптеліп, ел есінде сақталған, айтыс өнерінің ақиығы, өлең сөздің саңлағы – Сара Тастанбекқызының туғанына биыл 170 жыл толып отыр.

Өндіріс • 01 Наурыз, 2023

Уран өндіру мен өңдеудің толық циклімен танысты

Жуырда Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Қызылорда облысына үшкүндік жұмыс сапары барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовпен бірге «Байкен-U» ЖШС уран өндіруші кәсіпорнына барып, уранды өндіру мен өңдеудің толық циклімен, оның ішінде аффинаж зауытының жұмысымен және ауысымдағы жұмысшылардың еңбек, тұрмыс жағдайымен танысты.

Экология • 28 Ақпан, 2023

Топырақтан өмір иісі шығады

Қазіргі кезде топырақтың және топырақ жамылғысының экологиялық проблемасы бізде ғана емес, жаһандық көлемде де өткір тұр. Табиғи ресурстарды ретсіз пайдалану топырақты тоздырып жіберді.

Шаруашылық • 28 Ақпан, 2023

Бидайдың жаңа сұрпы

А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары бидайдың жаңа сұрпын ойлап тапты. Жаздық жұмсақ бидайдың жаңа түрі «Таймас» деп аталады.

Білім • 26 Ақпан, 2023

Инклюзивті білімнің игілігі

Елімізде ресми түрде 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген екен. Мемлекет тарапынан мүгедектігі бар азаматтарға сапалы білім алу, еңбек қабілеттілігіне сай жұмыс істеу және өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өмірден орнын табуына жол ашатын түрлі жобалар мен іс-шаралар қарқынды түрде жүргізіліп отыр.

Қоғам • 26 Ақпан, 2023

Тұжырымдаманы тиянақтайық

Ел Президенті ұсынған «Әділетті Қазақстан» – әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуымызда қордаланған мәселелерді еңсеріп, дамудың соны сүрлеуіне түсуге жетелейтін идея. Бірақ оның ішкі мазмұны неден құралады, оны жүзеге асырудың жолы қайсы, тетіктері қандай? Осы сұрақтар бәрімізді мазалайды. Халықтың белгілі бір бөлігінде сенімсіздік бары да жасырын емес. Көкейді тескен көп сұраққа дайын жауап күтіп отырмай, әрқайсымыз өз бетімізше ойлануға, ізденуге тиіспіз. Әсіресе бұл көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауымның, ғалымдар мен педагогтердің парызы.

Тарих • 22 Ақпан, 2023

«Шах Дарап, Үрістем, Аспандияр, Былқыс, Нахыт сұлудың қиссасы»

Жетісуда аты аңызға айналған не бір айтулы әнші де, күйші де өтті ғой дүние­ден, – деуші еді жарықтық Кенекең. Расын­да, бұл өңірде Сүйінбай, Жамбыл, Май­көт, Бақтыбай, Құлмамбет, Бөлтірік шешен, Дәурен сал, Қапез, Кенбай, Тіле­міс, Қуандық, Байсерке, Орақбай, Қылыш­бай, Бармақ, Қарқабат, Нұралы, Өзбек, Қалыбек, Рахымбай, Сатыбалды, ағайынды Егемберді, Құдайберген, Қара­қожа, Жиде­бай, Сауытбек, Сыбан­бек, Тәтелбек, Балқы­бек, Қазақ­бай, Әтібек, Жиенбай, Бармақ, Мырза­бай, Кенжеқожа, Кенен, Тілеміс, Әл­мейін,Ұлбике, Өзипа, Қырмызы, Әлмен, Айкүміс, Сара, Ләтипа, Баян, Жаңыл­­дық сын­ды ақындар мен жыраулар, күйшілер, ән­ші­­лер мен басқа да өнерпаздар өмір сүрген.

Тұлға • 21 Ақпан, 2023

Орман шаруашылығының сардары

Әйгілі ақын Шал Құлекеұлы: «Алладан шыныменен жарлық келсе, Жұлдыз да жерге түсер аспандағы» демеп ме еді? Сол айтқандай, Қазақстанның батыс өлкесіне белгілі еңбек ар­дагері, асыл жар, абзал әке, ардақты дос, аға, әріптес Әдиет Ғабдош­ұлының фәниден бақиға озғанына да, міне, бір жылдан асыпты.