
Президент • 21 Маусым, 2019
Экология • 20 Маусым, 2019
Еліміздегі ақбөкендер саны 350 мыңға жуықтады
2019 жылы аэрофототүсірілім нәтижелері бойынша Қазақстанда ақбөкендердің жалпы саны 334,4 мыңды құрайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасына жазды.
Руханият • 20 Маусым, 2019
Өтімді сөз өлеңмен өрнектеледі
Бұл ғасырда сөздің қадірін біліп, оның өнер тұрғысындағы орнын аспандатып отырмыз десем, сіз маған мысқылмен ғана қарар едіңіз. Асылында, сөз өзіне берілетін анықтама секілді қарым-қатынас құралы һәм дами беретін тірі ағза.
Экономика • 20 Маусым, 2019
«Қазгеодезия» КДҰИ цифрлық жобасын іске асырады
XXI ғасыр шындығында цифрлық жүйеге көшіру ауқымды міндет болып табылады. Ол өмірдің барлық салаларын қамтуы қажет: мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бастап болашақ экономиканың жаңа салаларын құруға дейін. Саяси өрлеуді қосқанда елдің дамуы, цифрлық желіге көшірумен тікелей байланысты. Ол мемлекет пен қоғамның арасындағы қатынастар маңызын сапалы өзгертеді. Сондықтан Елбасы бекіткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы орындалуы қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Саясат • 20 Маусым, 2019
Ел спортын жаңа бетбұрыс күтеді
Еліміздегі спорт саласы әрмен қарай дами түсетініне күмән келтірмеймін. Отандастарымыздың жеткен жетістіктері аз емес.
Саясат • 20 Маусым, 2019
Күні кеше Қазақстан Республикасының тарихында екінші Президентіміздің ұлықтау рәсіміне куә болдық. Тарихи оқиғаның бел ортасында болмасақ та, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми ант қабылдау рәсімін ұжым болып теледидардан тамашаладық.
Саясат • 20 Маусым, 2019
Жуырда ғана елімізде үлкен саяси науқан өтіп, ел өзінің таңдауын жасады. Халықтың таңдауы талай жылдар бойы еліміздің дамуына үлес қосып келе жатқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа түсті.
Саясат • 20 Маусым, 2019
Тарих тағындағы тәуелсіздік тағдыры
Сайлау өтті. Халық өз таңдауын жасады. Таңдау Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа түсті. Күнтізбенің 2019 жылғы маусым айының он екісі, сәрсенбінің сәтті күні жаңадан сайланған Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Ұлықтау дегенді өз басым таққа отыру деп ұғындым. Сол тарих тағында еліміздің жаңа Президентімен бірге тәуелсіздігіміздің болашақ тағдыры бардай әсерде болдым.
Руханият • 20 Маусым, 2019
«Даланың дара ділмарлары» радиохабарын тыңдағанда туындаған ой
Есте жоқ ескі замандарда Түркі ұлыстары мемлекеттілігінің алғышарттарын жасап, ел бірлігін ойлаған ІІ-ІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Нәнді би, Елсау би, Оңқай би, Майқы билерден тартып, бүгінгі билерімізге келіп тірелетін бұл хабар мені қатты ойландырды. Әрине қай ғасырда да халқының қамын жеген, айрандай ұйытқан, айшықты ірі тұлғаларының болғаны белгілі еді.
Туризм • 19 Маусым, 2019
Балқаш қаласында Қарағанды облыстық әкімдігі мен кәсіпкерлік басқармасының ұйымдастыруымен өткен форумға Ресейдің Түмен, Омбы қалаларынан, сондай-ақ Моңғолиядан туризм мамандары қатысты. Шетелдік қонақтар Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан келген мамандармен бірге курорттық аймақтағы жағажайлық демалыс орындарын аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.