Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Алматыда мәдениет және өнер қайраткерлерімен өткен кездесуде Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшесі Аида Балаева жаңа Конституция жобасының мән-маңызына тоқталып, бұл құжат елдің болашағын айқындайтын тарихи шешім екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Бейбіткүл Сәрсемханқызы: Республикалық референдум – Қазақстанның жаңа белесі
Қазақстанда жаңа Ата заңды қабылдау мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституцияның тағдырын азаматтардың өзіне сеніп тапсыру − мемлекеттік биліктің ашықтығы мен жауапкершілігінің айғағы.
Білім • 13 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде алғаш рет «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Қазақстандағы білім беру жүйесінде ЖИ технологияларын оқыту процесіне сауатты әрі сапалы енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Экология • 13 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?
Қазір экология мәселелері адамзат үшін ең өзекті әрі күрделі проблемалардың біріне айналды. Табиғи ресурстардың шектен тыс пайдаланылуы, қоршаған ортаның ластануы, климаттың жаһандық өзгеруі және биоалуандылықтың азаюы табиғи экожүйелердің тұрақтылығына елеулі қауіп төндіріп отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының және Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) мәліметтері бойынша, кейінгі онжылдықтарда парниктік газдардың көлемі айтарлықтай артып, жаһандық орташа температураның көтерілуіне себеп болған.
Саясат • 11 Ақпан, 2026
Қ.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапары: Қазақстан – Пәкістан қатынастарының жаңа кезеңі
Саяси тұрақсыздық үстемдік еткен өңірлердің тоғысындағы Орталық және Оңтүстік Азия үшін Астана мен Исламабад арасындағы диалог соңғы жылдары ерекше маңызға ие бола бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары – екі ел басшылығының стратегиялық сенімді тереңдетуге, аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге шығаруға бағытталған маңызды қадамы. Сарапшы Таир Нигманов бұл сапардың символдық қана емес, нақты саяси әрі экономикалық салмағы бар екенін атап өтеді: Ауғанстандағы жағдайдан бастап, көлік дәліздерін әртараптандыруға, логистикалық ынтымақтастықтан мәдени және гуманитарлық байланыстарға дейін – бүгінгі күннің өзекті тақырыптары екі ел мүддесін бұрынғыдан да жақындастырып отыр.
Қоғам • 10 Ақпан, 2026
Әскери кафедра запастағы офицерлер мен сержанттарды қалай даярлайды?
Бүгін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттарының офицерлер мен запастағы сержанттарды әскери даярлау мәселелеріне арналған көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 09 Ақпан, 2026
8 ақпанда ұлттық батальонның тәжік-ауған шекарасынан туған елімізге оралғанына 25 жыл толуына орай ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасында «Тағзым» іс-шарасы өтті. Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы полковник М.Нарбаев, Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Ербол Түлкібаев, отставкадағы генерал-майор Марат Мажитов, тәжік-ауған шекарасының ардагерлері, «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері қатысып, жат елдің шекарасын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан батыр шекарашыларға орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді
Бүгін Павлодар қаласында «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Волонтерлік қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді
Бүгін Астана қаласында Ұлттық волонтерлік желі «Жаңа Конституция жобасын талқылау және қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлік ұйымдардың өкілдері, өңірлік волонтерлік фронт-офистер мен бастамашыл топтар, сондай-ақ серіктестер офлайн және онлайн форматта қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2026
«Көмбенің» көмескі ізі: Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын
Ата-бабамыздан мирас болып қалған қазақтың ұлттық ойындары – тұтас бір тәрбие мектебі. Әр ойынның өз ережесі, өз мәні, өз міндеті бар. Бірі баланы ойлануға, тапқырлыққа баулыса, бірі батылдық пен күш-қайратқа шыңдайды, енді бірі ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа үйретеді. Сондықтан ұлттық ойындар ғасырлар бойы бала мен жастың мінезін қалыптастырып, денесін шынықтырып, ақыл-ойын жетілдірген рухани-мәдени құрал қызметін атқарды.