Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3504 материал табылды

Пікір • 05 Қыркүйек, 2023

Тұрақтылықты көздеген жиын

Елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алғаш рет 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте өтті. Ха­лықаралық форумның әу бастан белгіленген мақсаты – әлем­дік және дәстүрлі діндерден жалпы адамзаттық бағ­дар­лар­ды іздеу, діна­ралық сұхбатты жүзеге асыру мен келісілген шешімдерді қа­былдау мақсатында тұрақты негізде қызмет атқаратын халық­аралық институттың жұмыс істеуін қам­тамасыз ету.

Ғылым • 05 Қыркүйек, 2023

Өтелбаев өнегесі

Бүгінгі ұлт баласы – ертеңгі жұрт кісісі. Соған жеткізу жолын­да бізге жүктелер жүк – «...көз-құлақ болу, жақсылықты көр­кейту, жауыздықты жоғалту, үлгі­лі зат қайда бар, соған қарай сілтеу, надандықтан құтқару, өнер-білімге телу, күштілердің зор­лығынан қорғап, елдің қолын теңдікке жеткізу, қазақ халқы­ның бақытты, баянды болуына баянды қызмет ету» (Міржақып Дулатұлы, 1917 жыл).

Тарих • 05 Қыркүйек, 2023

Еуропаны азат етушілер сапында

Әкем Бектай Әшірбекұлы Әбсаттаров Екінші дүние­жүзілік соғыста толарсақтан саз кешіп, қарша бораған оққа қарсы тұрған. Ол кездейсоқ жарылып жатқан мина алаңы­нан жанын шүберекке түйіп өтіп, жаңбырдай жауған снарядтар мен бомбалардан да аман қалыпты. Ол соғыс қасіреті туралы көп айт­пайтын, сұрақ қойған адам­ға естімеген сияқты кейіп танытатын. Менің көрген қия­ме­тімді ұрпағым көрмесін дегені шығар..

Таным • 05 Қыркүйек, 2023

Тағы да Құрманғазының өмірбаян дерегі туралы

Қазақ музыка өнерінің киесіндей қастерлі тұлға, «күй атасы» атан­ған ұлы ком­­позитор Құрманғазы Сағыр­­бай­ұлының туғанына биыл, біз­діңше, 200 жыл толды.

Руханият • 05 Қыркүйек, 2023

Тіл ғылымының маңызы

Тілді қазіргі және тарихи кезеңде зерттеу сияқты тіл білімінің классикалық міндеттерінен бөлек Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қазақ қоғамының тілтанымдық санасын көтеруге, тіл және сөз мәдениетін арттыруға арналған іргелі зерттеулер жүргізіп келеді.

Пікір • 05 Қыркүйек, 2023

IT саласының ауқымы кең

Қазақстан әлемге не бере алады? Меніңше, шамамен өзіміз қатарлас елдерге қолда бар IT-өнімдер ұсынуға мүмкіндік бар. Қазір көлік жолдарын бақылау, қаржы және мемлекеттік қызметті цифрлау бағыттарындағы тәжірибеміз дайын өнім ретінде қалыптасты. Олардың кейбірі жапсарлас елдерге енгізіліп те жатыр.

ЖОЛДАУ • 05 Қыркүйек, 2023

Суды үнемдеу апаттан сақтайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ең көп маңыз берілген су мәселесі болды. Мемлекет басшысы еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатқанын, су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұрғанын және аталған олқылықтың орнын толтыру үшін шұғыл шаралар қажет екенін айтты. Осыған орай, су мәселесін безбендеп көрген едік.

Инфографика • 05 Қыркүйек, 2023

Мемлекеттік саясаттың интеллектуалдық деңгейі

Кейінгі уақыттағы геосаяси, климаттық, қаржы-эконо­мика­лық катаклизмдер ішкі күн тәртібін біршама шетке ысырып тастағаны белгілі. Соның салдарынан қоғамда ертеңгі күнге деген алаңдаушылық кү­ше­йіп, азаматтардың әлеумет­тік оп­тимизмі бәсеңдей бастады. Түрлі қаңқу сөзге, инсинуацияға толы ақпараттар тасқыны да халық­ты шаршатты десе болады.

Пікір • 04 Қыркүйек, 2023

Қорғаныс өнеркәсібін нығайту мүмкіндігі

Геосаяси ахуал құбылып тұрғанда Мемлекет басшысының қорғаныс өнеркәсібіне назар аударғаны жақсы болды. Жолдауда бұл мәселенің айтылуы бірден назарымды аударды. Қысқаша айтсақ, Президент қорғаныс өнеркәсібі кешенін жан-жақты нығайтуды тапсырды. Импортқа тәуелділікті азайтуға септігі тиетіндей етіп өнеркәсіпті локолизация­лау да айтылды.

Егемен Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2023

Шаньдуннан келген әріптестер – «Қазақ газеттерінде»

«Қазақ газеттері» ЖШС алматылық басылымдарының басшылары Алматыдағы Достық үйінде ҚХР Шаньдун провинциясынан келген әріптестермен кездесті. Қытай делегациясын Шаньдун партия комитеті ақпарат министрінің орынбасары Си Яньчунь бастап келді. Делегация құрамында Шаньдундағы ең ірі медиа холдинг саналатын Dazhong Newspaper Group компаниясының оннан астам өкілі бар.