Сенат • 11 Шілде, 2023
Мәжіліс және Сенат депутаттары еліміздің түкпір-түкпірін аралап, халықпен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылауын жалғастырып жатыр. Бұл жолы депутаттар әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты.
Қоғам • 10 Шілде, 2023
«PetroRetail» ЖШС активтерін сатуға байланысты ақпарат
«PetroRetail» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде орналасқан, бұрын консервацияланған 28 жанар-жағар май құю стансасы мен 2 жол бойындағы кемпингті қамтитын активтерді сататынын хабарлайды.
Үкімет • 10 Шілде, 2023
Аймақ мәселесі – депутаттар қаперінде
Сенат және Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасып жатыр. Бұл жолы олар бірқатар өңірді аралап, халықты алаңдатқан мәселелермен танысты. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдап қайтты.
Аймақтар • 10 Шілде, 2023
Балқаштың жылу беру жүйесі тексерілді
Балқаш ЖЭО-сында №5 қазандықтың құрылысы жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарымен негізгі және қосалқы жабдықтар қамтылған. Осы шаралардың барлығы жылу тапшылығы мәселесін шешеді және тұрғындардың үйлеріндегі жылумен жабдықтауды жақсартады.
Құқық • 09 Шілде, 2023
«Қауіпсіз қала» жобасы Қарағанды облысына қарасты Қарағанды, Теміртау, Саран қалалары мен Осакаров кентінде 2021 жылдың қазан айынан бері қолға алынып келеді. Жоба аясында елді мекендерде 2726 бейнебақылау камерасы орнатылып, жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын тіркейтін 86 кешен іске қосылды.
Аймақтар • 06 Шілде, 2023
Маңғыстаулық шаруалар 700 миллион теңгеден астам субсидия алды
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 360 шаруашылыққа асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, оның өнімділігін арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 776,7 млн теңге берілді. Оның ішінде 719,7 миллион теңге жем-шөпке төленді.
Үкімет • 06 Шілде, 2023
Аймақ мәселесі – депутаттар назарында
Сенат және Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасып жатыр. Бұл жолы олар бірқатар өңірді аралап, халықты алаңдатқан мәселелермен танысты. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдап қайтты.
Елорда • 06 Шілде, 2023
Егемендік алып, еңсе тіктей бастағанда елорда Арқа төсіне көшірілді. Осы құтты қадамның ізімен көп ұзамай-ақ Астананың жаңа дәуірі, өрлеу кезеңі басталып кетті. Ширек ғасыр шеңберінде аядай ғана қаланың орнына елдіктің, еркіндіктің белгісіндей еңселі елорда құрылды.
Елорда • 05 Шілде, 2023
Жұртым деген жұдырықтай жүректер
Алыс-жақын жұрттарда тұратын бауырлардың балаларына арналған, жиырма жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім» атты халықаралық олимпиада биыл да ойдағыдай ұйымдастырылды. «Дарын» орталығының ұйымдастырылған бұл шара Астана қаласының 25 жылдығымен тұспа-тұс келді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өткен аталған білім сайысында алты мемлекеттен келген жоғары сынып оқушылары алғашқы күні елдік туралы эссе жазса, екінші күні таңдап алған тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарын қорғады. Үшінші турда талапкерлер шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, музыкадан, шығармашылық ұмтылыстарынан, шама-шарықтарына қарай сахналық қойылымдарын қазылар алқасының сарабына салды.
Аймақтар • 05 Шілде, 2023
Маңғыстауда ауыл әкіміне 345 мың теңге айыппұл салынды
Шебір ауылдық округінің әкімдігі азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақытын негізсіз шектеген болып шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының Маңғыстау облысы бойынша бірінші орынбасары Біржан Хайруллиннің мәлімдеуінше, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Маңғыстау ауданының прокуратурасы бірлесіп Шебір ауылдық округі әкімдігінің іс-әрекетіне шағымданған азық-түлік дүкені иесінің өтінішін қарады.