Таным • 24 Шілде, 2023
Еліміздегі ең биік шың туралы алғаш рет қалам тартқаныма 40 жылдың жүзі болыпты. Ол 1981 жылдың 12 қыркүйегіндегі «Лениншіл жас» газетінде шыққан шағын мақалам еді. Содан бері әрәдік түрлі басылымдарда Аспантау аясындағы оның ерекшеліктері, оған аяқ басқан алғашқы саяхатшылар мен зерттеушілер және 7 010 метрлік биіктікке ие бұл мұз құрсаулы мұнараны тұңғыш бағындырған альпинистер хақында қадери-халімше 8 мақала жазыппын. Былай алып қарағанда, оларда бәрі де қамтылып, жеткілікті айтылған сияқты еді. Бірақ сөз етіліп отырған шыңның біз білмейтін құпиялары әлі де баршылық екен. Соның бірі санамызға ойда жоқта сап ете түскен: «Хан-Тәңірін алғаш рет суретке түсірген фотограф... Алып шыңның болмыс-бітімін әлемге тұңғыш жария еткен ол кім?» – деген сұрақ-тын.
Таным • 23 Шілде, 2023
Тамырлас топонимдер: Қостанай – Дөң (Дон) – Дунай
Аңдату Қостанай қаласының төл топонимі туралы өзегі мен өрісі бір-біріне ұқсас болып келетін көптеген пікір бар. Өйткені қалыптасқан пікірлердің басым көпшілігі топонимикалық әпсаналарға сүйенеді, сол себепті халықтық қарабайыр этимологиялық таным тұрғысынан өрбіп, өрнек тауып отырады. Жалпы, этимологиялық таным кең білімпаздықты қажет етеді және тіл білімі ғылымының бір саласы ретінде лингвист зерттеушінің зейіндік өресі мен ғылыми зердесінің деңгей-дәргейіне тікелей байланысты.
Құрылыс • 23 Шілде, 2023
«Жайлы мектептің» жайбарақат мердігерлері
«Жайлы мектеп» келешек ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына айтарлықтай мүмкіндік бермек. Қарағанды облысында әртүрлі сыйымдылықта 300-ден 2000 орынға дейінгі 18 мектеп салынады.
Әлем • 21 Шілде, 2023
Геосаяси мәселе Корея елі үшін де жат емес. Бұл мәселе жапон отаршылдығының ресми түрде аяқталғанына 78 жыл өткеніне қарамастан, әлі күнге дейін шешімі табылмай, екі ел арасындағы араздықтың себебі болып отыр.
Қаржы • 21 Шілде, 2023
Отандық өнімге – 15 млрд теңге
Шілденің 24-нен бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша отандық кәсіпорындардың өтініштерін қабылдауды бастайды.
Таным • 21 Шілде, 2023
Қожеке Назарұлы – біртуар тұлға
Қожеке Назарұлы – ХІХ ғасырда Тазабек, Саурықтармен бірге патшалық Ресейдің отарлау саясатына, одан кейін Қытай империясының аз ұлттарға жасаған қысымына қарсы көтерілістердің басы-қасында жүріп батыр атанған, сонымен бірге күйші-домбырашы ретінде даңқы шыққан, қазақ күй өнерінің өзіндік мектебін қалыптастырған тарихи тұлға. Соңына жүзден астам (кей деректе екі жүз) күй қалдырған Қожеке 1823 жылы қазіргі Алматы облысы Кеген ауданының Қарқара жайлауында дүниеге келген.1885 жылы әлеуметтік әділеттілік, ұлттық тәуелсіздік жолында күресіп өткен азат рухты күйшіні Қытай түрмесінің басшылары арқасын тас көмір шоғымен қарып, азаптап өлтіреді.
Қоғам • 21 Шілде, 2023
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, Біз лагерьге барамыз» деп келетін әнді бала күнімізден жадымызда жаттаған едік. Иә, жаз маусымы жанға жайлы, көңілді демалысымен қызықты. Әсіресе мектеп оқушылары каникулды асыға күтеді.
Сенат • 20 Шілде, 2023
Сенат депутаты Андрей Лукин елорда аудандарының тұрғындарымен және әкімдіктердің өкілдерімен кездесті.
Құрылтай • 20 Шілде, 2023
Зиянға әуестік – жамандық жолы
Таяуда Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы: «Біз есірткіні қолдану, дайындау және тарату жолын кесіп, тамырына балта шабуымыз керек. Әйтпесе, бүкіл елдің болашағы бұлыңғыр» деп, қоғамды жамандықтан сақтандырды. Өкінішке қарай, жаһандық даму мен алуан түрлі байланыс жан һәм тән тазалығымен дүниеге мәлім қазақ даласына, оның бүгінгі ұрпағына осындай қиындық та әкелді.
Қоғам • 20 Шілде, 2023
Жұмысшыларды баспанамен жарылқайтын «Корпоративтік өнім»
ERG компаниясына қарасты зауыттарда еңбек ететін 600-ден аса қызметкер Отбасы банкінің «Корпоративтік өнім» бағдарламасы арқылы тиімді шарттармен баспаналы болды.