Өнер • 03 Тамыз, 2023
Балаларға арналған хореографиялық қойылым қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – өскелең ұрпақтың гаджеттерге тәуелділігі тақырыбын қозғайды. Осындай күрделі тақырыпты режиссерлер мен автор қарапайым би тілімен жеткізген. Спектакльде көрсетілгендей, шынайы өмірде де көптеген ата-ана заман ағымына еліктеп, баланың сәби кезінен бастап ұлттық құндылықтарға, тәлім-тәрбиеге қызығушылығын оятудың орнына, көңілін гаджет беріп табады. Бұл әрекетінің соңы немен аяқталуы мүмкін екені ойына да кіріп шықпайды.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Қолдары шипалы, жүректері мейірімді
Мен – жеті жастағы Әзиз Жамбылдың нағашы әжесімін. Біз Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданының Көктерек ауылында тұрамыз. Мен «Egemen Qazaqstan» газеті арқылы өзім мен жиенімнің анасы, яғни қызым Нұрлы Сейфоллақызының атынан Ақтөбедегі «Ана мен баланы қорғау» орталығының мамандарына алғысымды білдіргім келеді.
Өнер • 03 Тамыз, 2023
Қазақта біртуар деген сөз бар. Дана халқымыз оны ғасырда өмірге бір-ақ рет келетін ұл-қыздарына теліген. Осындай қазағымның өнердегі маңдайына біткен жарық жұлдыздарының бірі – бармағынан күй саулаған, дәулескер күйші, композитор, қысқасы, бір басына Жаратушы өнерді үйіп-төгіп бере салған марқұм Нұрағаң виртуоз, күй мэтрі Нұрғиса Тілендиев ағамыз болатын.
Құрылтай • 02 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ұлттық бренд, идеология, тарих, сана, мәдениет, тәрбие, жалпы ұлттық құндылықтар мен креативті индустрия, саяси талдау, сараптау, шекаралас аймақтарды дамыту, мемлекеттік қызметкерлерді адалдық пен әділдікке жетелейтін қасиеттер мен істерге кеңінен тоқталды. Түсінгенге әділетті қоғам жайында терең мағыналы ой айтты.
Әлем • 02 Тамыз, 2023
Әлем жұртының әлеуметтік ахуалы
Қазір әлемде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық үдерістер жедел дамып келеді. Уақыт шарттарына сәйкес, азаматтардан жағдайға тез бейімделу, технологияға ілесе отырып, креативті идеялармен бір толқында жүру талап етіледі. Жалпы, халықтың әлеуметтік мобильдігіне әсер ететін негізгі факторларға білім, денсаулық сақтау, еңбек пен технологиялық дамудағы сапалы қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктері сынды көрсеткіштер жатады.
Қоғам • 02 Тамыз, 2023
Елімізде кейінгі жылдары көптеген саяси өзгерістер мен жаңарулар орын алып жатыр. Бұның барлығы мемлекет ішіндегі ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелерді шешуге, ел халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси бағдарын тиімді жолға қоюға бағытталып отыр. Соның арқасында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру үрдісі қарқын алып келеді.
Экономика • 02 Тамыз, 2023
Еліміздің тәуелсіздік алғанына отыз жылдан асса да, экономикалық дамуымыз егемендігіміздің толыққандылығы мен оның тиімділігі тұрғысында ауыз толтырып айтуға мүмкіндік бермей отыр.
Спорт • 02 Тамыз, 2023
Жақында Ұлан ауданының спорт десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлері жерлестері, жарты ғасыр бойы волейболдан аудан намысын абыроймен қорғаған, дүбірлі жарыстарда өз командасымен байрақты бәсекелерде топ жарған Бақытжан Нұрсұлтановтың құрметіне турнир өткізіп, жарыс көрігін қыздырды.
Білім • 02 Тамыз, 2023
Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биылғы түлегі Санжар Бисенәлі Швейцарияның Цюрих қаласында өткен 55-халықаралық «Химия» олимпиадасында алтын медаль иеленді. Ол бұған дейін екі рет күміс медальді олжалаған болатын.
Қоғам • 01 Тамыз, 2023
Балалардың жаппай улануы: қайтыс болған балаға қатысты ақпарат мәлім болды
Қарағанды облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланып қайтыс болған Әділ Омаров 13 жаста еді. Балалардың нақты неден уланғаны анықталып жатыр. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.