Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20291 материал табылды

Жастар • 26 Шілде, 2023

Жастар жолы: Азаматтық. Бірегейлік. Жасампаздық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 14 қарашада «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенді өкілдерімен кездесуде: «Қазақстан азаматтарының, әсіресе жастардың еңбекқорлық қағидатын ұстануы маңызды. Қазір заман басқа, яғни маңызды шешімдердің уақыты, серпіліс жасайтын сәт. Біз мамандар іріктелетін, сәйкесінше уақыт өте келе мемлекетті басқару жауапкершілігін арқалай алатын өте қабілетті адамдар шығатын ашық қоғамға қарай қадам басып келеміз. Елімізге белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында», деп өзекті ой тастаған еді.

Қоғам • 26 Шілде, 2023

Өркендеу индексі

Жаһанның өркендеу барысы кейінгі үш жыл қатарынан тоқырап тұр. Оның басты себебі – дүниежүзі елдерінде демократиялық үдерістердің нашарлауы. Бұл туралы британдық тәуелсіз Legatum институты 2023 жылғы Өркендеу индексінде (Prosperity Index 2023) жариялады. Әлемнің 167 мемлекетін және 99 пайыз халқын қамтитын аталған индекс 2006 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қазақстан 2013 жылғы 84-орыннан көтеріліп, 2023 жылғы индексте 69-орынға жайғасты.

Қоғам • 26 Шілде, 2023

Орманшының құзыреті неге төмен?

Шілденің басындағы төрт күн демалыс кезінде орман алқабындағы бейбастақ әрекеттердің куәсі болдық. Толықтырып айтар болсақ, «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің Қаратау бөлімшесінің аумағына екі көлікпен кірген адамдардың Шоқпарлы ата бейіті тұсындағы Үшөзен аңғарынан тыйым салынған әдіспен балық аулап жатқаны туралы мәлімет түсті.

Денсаулық • 26 Шілде, 2023

«Бала жолдасына» бейжай қарамайық

Ел аузында бала жолдасының тылсым құпияға толы жаратылысы туралы әңгіме көп. Түркі жұрты «бала жолдасының» қасиетін ерте кезден білген. Оны сонымен қатар «баланың иесі, есі, жады» деп атаған. Себебі баланың жолдасы бала есейген кезде оның рухани серігі болады екен. Сол себепті оған бейжай қара­маған. Аяғы ауыр келіндерді бойында емшілік қасиеті бар апа-әжелерге ғана босандыруға рұқсат беріп, шарананың кіндігін кестірген. Ал баланың жол­дасын көмген. Ал бүгінде қазақтың құрсақ тәрбиесі мәдениетін, босандыру рәсімін білмейтін кездейсоқ адамдар перзентханада жұмыс істеп жүр.

Әдебиет • 26 Шілде, 2023

Мұхтар Әуезов мәтінінің астарына бойлау

Танымал қаламгер, талантты әдебиет сыншысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, әдебиетші Әмірхан Меңдекенің «Жалғыздық, сені қайтейін...» (Алматы: «Қайнар» баспасы, 2022 – 384 бет) деген көлемді еңбегіндегі М.Әуезовтің шығармалары туралы жазылған үш мақаласы қазіргі мұхтартанудағы өзекті мәселелерге, күрделі тақырыптарға арналған.

Қоғам • 26 Шілде, 2023

Жұртшылық өтініші бақылауға алынады

Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болды.

Қоғам • 26 Шілде, 2023

«Арлы адам – ең күшті адам»

Таяуда киелі Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанды адал адамдар құрады» деді. Бұл ұлттық саясаттың жаңа бағытының арқауы мен негізгі тірегін көрсетеді.

Есірткі • 25 Шілде, 2023

Қостанайда Kinder-ге жасырылған есірткі табылды

Қостанай облысының полицейлері Ресей азаматынан Kinder-ге жасырылған есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлем • 25 Шілде, 2023

Данияда да Құран өртенді

Данияда наразылық білдірушілер Ирактың Копенгагендегі елшілігінің алдында Құран кітабын өртеп жіберді. Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 25 Шілде, 2023

Қазақстанда екі мыңға жуық бала қызылша жұқтырған

Биыл 2 мыңға жуық бала қызылшамен ауырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады, деп жазады Egemen.kz.