Саясат • 08 Қараша, 2024
ТМД: Қауіпсіздік кеңестері хатшылары кездесті
Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XII кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.
Қоғам • 08 Қараша, 2024
Ізгі қоғам іргесін қалайтын кеңес
Бүгінгі ана құшағындағы сәби – ертең ел іргесін нықтайтын, шаңырағын ұстайтын азамат. Сол азаматтың тілін, ел тарихын білуі, салт-дәстүрін қадірлеуі, бойына ұлт намысын сіңіруі ең алдымен анаға байланысты. Өрелі ананың бауырынан өрген ұрпақ осы қасиеттерді бойына сіңіреді әрі замана бәйгелерінде бақ сынауға қабілетті болып өседі. Дегенмен кейінгі жылдары отбасындағы зорлық-зомбылық, ананың балаға деген ықыласы мен көзқарасы, балалардың суицидке бейімдігі сияқты мәселелер туындап жатыр. Аналар кеңесінің құрылуына себеп болған – осындай келеңсіздіктерден туындаған «Ғасырлар бойы қалыптасқан ана мектебін жойып алсақ, болашағымыз не болады?» деген ой.
Тұлға • 08 Қараша, 2024
«Өлеңім – өмірім» естелігінде ол: «Мен ертеректің өзінде орысша-қазақша мектеп бітірген қызметкер әкенің арқасында жоқшылық көрмей, мәдениетті семьяда тәрбиелендім» деген дерек береді. Әңгіме Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданындағы Батпақкөл ауылында туған ақын, жазушы, драматург, аудармашы Берқайыр Аманшин туралы.
Аңдатпа • 08 Қараша, 2024
16 қараша - «Үйлену» С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында Е.Жуасбектің «Үйлену» музыкалық комедиясы көрерменге ұсынылады. Режиссері – Н.Жұманиязов.
Қоғам • 07 Қараша, 2024
Боччадан ел кубогі мәресіне жетті
Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев Боччадан ел кубогі жолындағы жарыстың жабылу рәсіміне қатысты. Сайыс 3-6 қараша күндері өтті. Оған еліміздің 14 өңірінен 86 параспортшы қатысты.
Сараптама • 07 Қараша, 2024
Әлем жастарының жұмыспен қамтылу деңгейі
Биыл Жастарды жұмыспен қамтудың жаһандық үрдістері (Global Employment Trends for Youth 2024) есебінің жарияланғанына 20 жыл толып отыр. Халықаралық еңбек ұйымы (International Labour Organization, ILO) жастардың лайықты жұмысқа орналасу амбицияларының қаншалықты тиімді іске асатыны туралы уақтылы ақпарат беруге бағытталып келеді. Осылайша, есеп әлемдегі жастардың еңбек нарығындағы орны мен оларға жұмыс орындарын құруды қолдауға бағытталған саяси іс-шаралар барысын зерттеуді мақсат тұтады.
Саясат • 07 Қараша, 2024
Өңірлік қауіпсіздік жөнінде пікір алмасты
Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялары өтті.
Аймақтар • 07 Қараша, 2024
Бекзат Саттархан атындағы спорт кешені чемпиондарды баптайды
Түркістан қаласында «Самұрық-Қазынаның» қолдауымен спорт кешенінің құрылысы мәре сызығын кесуге жақын. Осылайша, Түркістан облыстық спорт мектебі жаңарып қана қоймай, оған Олимпиада чемпионы, қазақ боксының аңызы Бекзат Саттархановтың есімі берілмек.
Саясат • 07 Қараша, 2024
«Самұрық-Қазына» мен «Societe Generale» арасындағы серіктестік туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 4-5 қарашада Францияға ресми сапары кезінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен «Societe Generale» қаржы конгломераты арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы серіктестік келісімге компания басшылары қол қойды.
Аңдатпа • 07 Қараша, 2024
12 қараша - «Болмаған оқиға» Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында М.Ладоның «Болмаған оқиға» драмасы қойылады. Режиссері – А.Томанов.