Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3039 материал табылды

Ғылым • 03 Сәуір, 2023

Ғылым академиясы: мәртебесі мен маңызы

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясын Президент жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Ондағы мақсат – Ұлттық ғылым академиясының мәртебесін арттыру. Ғылыми қауымдастық жаңашылдықты жылы қабылдады.

Әскер • 02 Сәуір, 2023

Ер мінезді Ерасыл

Бүгінде өз өмірін әскери қызметпен байланыстыруды қалайтын жастардың қатары айтарлықтай артқан. Алайда мақсатына батыл қадам жасап, нық бекінгендер ғана нағыз ел қорғаны болмақ. Сондай азаматтардың бірі – Әскери-теңіз күштеріне қарасты «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесінің командирі капитан-лейтенант Ерасыл Мағзомов.

Театр • 02 Сәуір, 2023

Ымдау тіліндегі алғашқы спектакль

Жақында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасында есту қабілеті нашар адамдарға арналған ымдау тілінде алғаш рет спектакль қойылды.

Дін • 31 Наурыз, 2023

Оразадағы ой

Рамазан айы есіктен кіргелі ел-жұрт елең-алаңнан тұрып, ауызда­рын бекітіп, мұсылманға парыз етілген ораза амалын орындап жатыр. Арасында елдің ертеңгі тұтқасы болар жастардың қарасы қалың. Бұл – жақсылықтың нышаны. Себебі олардың материалдық дүниенің ғана соңынан қумай, рухани жетілуге де ден қоюы саналы да саламатты қоғам құруға бет алған елдің белгісі болса керек.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2023

Күре жол қорымның үстінен өте ме?

Ұлан-байтақ жеріміздің қай түкпіріне қатынасақ та автомобиль жолдарының сапасына қатысты сын көп айтылады. Оған жолға шыққан кезде көзіміз анық жетіп жүр. Бүгінгі қозғап отырған мәселеміз де жол құрылысына қатысты болғанымен, оның бағытына халықтың қарсылығын білдіруі еріксіз ойлантады.

Ғылым • 30 Наурыз, 2023

Ғылымға көзқарас – мемлекет өркендеуіне көзқарас

Елімізде елеулі саяси өзгерістер жүріп жатыр. Жаңару мен әділеттік негізгі ұстанымға айналды. Осы бағытта мемлекет пен қоғам дамуының басты драйвері – ғылым мен инновация.

Әскер • 30 Наурыз, 2023

Теңіз айбыны

Сәуірдің екінші жұлдызында еліміздің Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 30 жыл толады. Осыған орай Ақтау қаласындағы әскери-теңіз базасында болып қайтқан едік. Ондағы мақсат – еліміздің айбыны мен айдынын асырып отырған әскери теңізшілердің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысу.

Ұстаз • 29 Наурыз, 2023

Шамшырақ

Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, елдің ертеңі болар өрендерді тәрбиелеу екінің бірінің қолынан келмейді. Өйт­кені ұстаздық әркімнің пешенесіне жазылмаған. Ұстаз болу – баланың бойына жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын дарыту.

Қоғам • 29 Наурыз, 2023

Көшет егу – көшелі іс

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген сөздің түпкі мәні тереңде жатқаны даусыз. Жасыл желегі жайқалған Жамбыл өңірінің көркі – саясы биік-биік талдар. Көктем келе сала жергілікті атқарушы билік көктемгі дала жұмыстарымен қатар көшет егу ісіне айрықша назар аударады. Ауыл-ауылдағы жергілікті халық та ауласына тал-дарақ отырғызуды парызы санайды.

Ғылым • 29 Наурыз, 2023

Хорезми, Гаспар Монж және қазақ оқулығы

Жоғары техникалық мектепте классикалық міндетті пән саналған сызба геометриясы бүгінде күрделі жағдайды бастан кешіп отыр. Бұл сала білім алушының кеңістікте ойлау қабілетін қалыптастырып, дамытып, сауатты сызуға баулыса, өкінішке қарай, қазіргі техникалық мамандықта оқитын студенттер сызбадан өте әлсіз. Себебі орта мектепте сызу пәні, ал жоғары оқу орындарында сызба геометрия өтпейді. Болашақта өндірісте жұмыс істейтін мамандар бұларсыз қалай жетілмек?