Саясат • 28 Маусым, 2019
Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 28 Маусым, 2019
Арыстықтардың өз үйлеріне аман-есен жетуін мыңға жуық тәртіп сақшысы қамтамасыз етуде
Тәртіп сақшылары Арыс қаласы тұрғындарының үйлеріне аман-есен оралуын қамтамасыз етіп жатыр. Қазіргі таңда Шымкенттен 78 автобус жүріп кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Аймақтар • 28 Маусым, 2019
Арысқа 5,5 мыңға тарта тұрғын оралды
Таңертеңгі сағат 06:00-ден бастап Шымкенттегі 53 эвакуациялық пункттен Арыс тұрғындары өз үйлеріне оралуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 8:00-ге дейін бас-аяғы 78 автобус пен қоғамдық көлік аттанып кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Қоғам • 28 Маусым, 2019
Көз жасы арықтауға көмектеседі
Бұл туралы Stern апталық жаңалықтар журналы зерттеулерге сүйене отырып жазды.
Қазақстан • 28 Маусым, 2019
Азаматтарды тіркеуге қою жеңілдейді
Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан №4 ХҚО бөлімінде енді азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді миграция қызметкерлерімен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де жүргізе алады.
Қазақстан • 28 Маусым, 2019
«Қазақстандық ноу-хаудың» куәсіміз
Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшылығына Н.Ә.Назарбаевты сайлаған едік.
Қоғам • 28 Маусым, 2019
Мемлекет басшысы ең алдымен ел азаматтарының әлеуметтік-тұрмыстық жай-күйіне баса назар аударып отыр. Бұл мәселе Қ.Тоқаевтың президенттікке кандидат ретіндегі бағдарламасына да басты желі болып тар-тылғаны белгілі. Бүгінгі биігінен қарағанда да Президенттің ел-жұртқа берген уәделері орындала бастағанына көз жеткіземіз. Жасыратын несі бар, қазіргі кезде күнкөріс деңгейі төмен көптеген қазақстандықтар дербес баспанаға қол жеткізе алмай жүр. Сол үшін көпшілігі үйге несиелік қаражаттар алу жолымен қол жеткізуді ұйғарған. Солардың қатарына өзімді де қоса аламын.
Қоғам • 28 Маусым, 2019
Президенттің Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлығы ел-дегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартып алуға берілген мүмкіндік. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында айтылған, партияның алға қойған міндеттерімен сәйкес келіп отыр. Өйткені, мақсат – халықтың жағдайын жақсартуға жол ашу.
Қазақстан • 28 Маусым, 2019
Әлеуметтік осал топтарды қолдау – елдегі мемлекеттік саясаттың басты ұстанымдарының бірі. Бұл ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы шешімі ел тұрғындарының өмір сапасын арттыруға арналған жаңа әлеуметтік бастама деуге толық негіз бар.
Қоғам • 28 Маусым, 2019
Мемлекеттік тілді меңгеру бірлігімізді нығайтады
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің еңсесі бекіп, аяққа тік тұруына елеулі еңбек сіңірді. Елдіктің негізі бірлігімізді нығайту үшін бір шаңырақтың астында жүзден аса этнос өкілдерінің ұйысып, тірлік етуін қамтамасыз етті. Өйткені Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін түрлі жағдайлар болып, ұлтаралық қақтығыстар да тіркелді. Сондай қиын кезеңнің өзінде Қазақстан халқы ауызбіршілігінен айнымады, ішкі татулығын сақтап қалды.