
Қоғам • 14 Мамыр, 2019
Киік төлдеп, құралайын өргізген
Қазақ ұғымында «Құралайдың салқыны» деген сөз бар. Бүгінгі таңда оның сирек қолданылып, ұғымы да көмескіленіп бара жатқаны өтірік емес. Қырдағы қариялардың аузынан оқтын-оқтын естіп қалып жататынымыз болмаса, қаладағы жұрттың көбі оны әлдеқашан ұмытқан. Құралай басталғанда қасиетті жануар да төлдеуді бастайды екен. Киіктің жаппай төлдеуі, төлін аяқтандыруы табиғаттың құбылмалы, салқын кезіне дөп келгендіктен бұл кезді «құралайдың салқыны», «құралайдың суығы», «киіктің лақ өргізбесі» деп атап кеткен.
Спорт • 14 Мамыр, 2019
Каратэден Қазақстан командасы әлем үздіктерімен бірге жаттығып жатыр
Каратеден Қазақстан командасы Ыстанбұлда бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Біздің спортшылар әлемдік аренадағы қарсыластарымен бірге жаттығып жатыр деп жазады ҰОК баспасөз қызметі.
Медицина • 14 Мамыр, 2019
Қатерлі ісіктен құтылудың амалдары қарастырылуда
Елімізде солтүстік және шығыс өңірлер онкологиялық аурулар бойынша алдыңғы орында. Әсіресе Шығыс Қазақстан облысында онкологиялық дерттен көз жұмғандардың саны көбейіп тұр. Онкологиялық регистрдің ақпаратынша, жыл сайын облыста қатерлі ісікке ұшыраған 4 200 оқиға тіркеледі екен. Дәрігерлердің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы онкологиялық дертке шалдыққандар бойынша жаңадан 35 мың оқиға тіркеліп отыр. Бұл өте өкінішті.
Спорт • 14 Мамыр, 2019
Су добынан Қазақстан командасы Грузияда жаттығу жиынын бастады
Жазғы спорт түрлерінің өкілдері Олимпиада қарсаңындағы маусымды жалғастыруда. Су добынан Қазақстан ерлер командасы Грузияның Тбилиси қаласында жаттығу жиынын өткізіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.
Экономика • 14 Мамыр, 2019
Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру – уақыт талабы
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басты міндеттерінің бірі – цифрландыру. Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті Жолдауында аграрлық секторды жаңа технологиялық деңгейге көтеру, өсімдікті қорғау құралдары мен минералды тыңайтқыштарды енгізудің озық жүйелеріне, цифрлық технологияға өтудің қажеттігі атап өтілген болатын.
Сайлау • 14 Мамыр, 2019
Сайлау • 14 Мамыр, 2019
Үгіт-насихат науқаны қарқын алды
Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын ала бастады. Президенттікке кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдары өңір-өңірді аралап, халыққа сайлауалды тұғырнамалардың басым бағыттарын түсіндіруде.
Медицина • 13 Мамыр, 2019
Бес жасқа дейінгі балаларды цифрлы гаджеттерден қорғаңыз
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы: бес жасқа дейінгі балаларды цифрлы гаджеттерден қорғаңыз!
Қазақстан • 13 Мамыр, 2019
Ұлы Отан соғысы – архив құжаттарында
Жеңіс күні қарсаңында Орталық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Ұлы Отан соғысы – архив құжаттарында: «Құпиясы ашылған құжаттар» көрмесі мен дөңгелек үстел өтті. Онда ІІ Дүниежүзілік соғыс туралы тың деректер мен беймәлім мәліметтер жарияланды.
Қазақстан • 13 Мамыр, 2019
Елбасының әлеуметтік бастамалары – халық игілігіне бағытталған бағдарламалар
Өткен жылы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жөнінде халыққа арнаған үндеуінде: «Бұл қадам талайдан бері менің көкейімде жүр. Бірақ Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек еді. Міне, сол күн де туды!» деп, әрбір қазақстандық отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмыскерлердің еңбекақысын көбейту жөніндегі кең ауқымды шараларды жариялаған болатын. Бұл ел экономикасының алға басуының, қоғамдағы саяси тұрақтылықтың нәтижесінде жүйелі іске асырылып қана қоймай, ауқымы одан әрі кеңейтіле түсуде.