
Саясат • 27 Маусым, 2019
Мемлекет 500 мың қазақстандықтың қаржылық жағдайын жақсартады
Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг аясында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов Президенттің «Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру бойынша жоспарланған шаралар туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 27 Маусым, 2019
Г. Әбдіқалықова азаматтардың борыш жүктемесін азайту шаралары туралы айтып берді
Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Г. Әбдіқалықова Президент Қ. Тоқаевтың азаматтардың борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлығын іске асыру туралы айтып берді.
Саясат • 27 Маусым, 2019
Үкімет өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша шұғыл шаралар пакетін әзірледі
Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә. Смайылов халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шұғыл әлеуметтік шаралар туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 27 Маусым, 2019
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Президенттің 2019 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» №34 Жарлығын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Руханият • 27 Маусым, 2019
Алдан Смайыл: «Семсер» әдеби конкурсы жаңа заманға сай бәйге
Жуырда «Мәдениет порталында» жарияланған «Семсер» әдеби конкурсы аз уақыт үшінде жас қаламгерлер арасында кеңінен танылып, әдеби ортада үлкен резонанс тудырды. Маусым айының соңына қарай қорытындысы шығып, жеңімпаздары анықталатын конкурстың өту барысы туралы әділ қазылар алқасының төрағассы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Семсер» әдеби конкурсы әділқазылар алқасының төрағасы, жазушы Алдан Смайылдан конкурс туралы аз-кем сұхбат алған едік.
Қоғам • 27 Маусым, 2019
Қоғам • 27 Маусым, 2019
Жұмыстан қашпаған адам жерде қалмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде халықты жұмыспен қамту, табыс көлемін арттыру мәселелерін басымдық берілетін бағыттардың бірі ретінде айтқан болатын. «Төртінші бағыт. Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту. Ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі бұл – стратегиялық маңызды дүние. Мемлекеттік бюджеттің қаражатын, ең алдымен келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет», деген болатын Президент.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
Студенттер қан тапсыру арқылы көмектесуде
Арысқа қан тапсыру арқылы көмектесіп жатқандар да бар. Бұл туралы «Қазақстан студенттер альянсы» республикалық студенттік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ільяс Түстікбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
«Сойыл күшін басқа түскен біледі» дегендей, Арыстағы ауыртпалықтың ахуалын, әрине арыстықтардан артық ешкім сезінбеген болар. Десе де, күллі ел болып, көмек қолын созып жатқан тұста қамыққанның жұбанатыны, тарыққанның қуанатыны анық. Халқымыз да «Орнында бар оңалар» демей ме?! Сондықтан бұл күнде «Арыс, біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы аясында қазақстандықтар аянып қалып жатқан жоқ. Қолдарынан келген көмекті көрсетіп, бірі қаржылай, бірі заттай жылы көңілмен жылуға үлес қосқан ағайынның ауызбірлігіне қарап отырып, қандай қиындыққа да қарсы тұруға болатынын бағамдадық. Ел екенімізді, біріксек бізден қуатты күш, бізден мейірімді қауым болмайтынын байқаттық. Осы орайда тілшілеріміз ел өңірлерінен Арысты бетке алған гуманитарлық керуенге қолдау көрсетушілердің көбейе түскенін хабарлап отыр.
Қоғам • 27 Маусым, 2019
Қуанса, ана қуансын, қуанса, бала қуансын!
«Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы» дегендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы Жарлығы барша қазақстандықтарды қуантқан, әсіресе балаларын жеткізу, емдету жолында тұрмыс тауқыметімен басына тартқан көрпесі аяғына жетпей, көз жасын бұлап жүрген ата-аналарға айтарлықтай демеу беріп, көңілдерін жадыратқандай болды. Иә, қуанса, ана қуансын! Қуанса, бала қуансын! Әлбетте, «Құдығына қарай қауғасы, базарына қарай саудасы» болған нарық заманында несиесіз тіршілік ету де оңай емес. Сондықтан Президенттің бұл пәрмені халықтың әлеуметтік тобына қарызды пұлсыз беріп, құнсыз алғандай өте қолайлы тигені жасырын емес. Яғни көп балалы, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын, мүгедек балалары бар және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар мен ата-анасынан айрылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 300 мың теңгеге дейінгі тұтынушылық берешегі кешірілмек. Бұл – қоғам тарапынан «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы аясындағы мемлекеттің қолдауын кешенді ете түсетін ізгі қадам ретінде бағаланып отыр.