Тарих • 26 Тамыз, 2019
Осыдан 99 жыл бұрын ҚазКСР құрылды
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі. Ол 1920 жылы 26 тамызда құрылды. Алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді. 1936 жылы 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды.
Қоғам • 26 Тамыз, 2019
Бауыржан Байбек айтыс өнері мен партиялық праймеризді салыстырды
Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «Хабар» агенттігінің «Жеті күн» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Парламент • 26 Тамыз, 2019
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Қоғам • 26 Тамыз, 2019
Өмірлік мақсаты Маңғыстау мұнайын игеру еді - Б. Қуандықов
Өмірлік мақсаты Маңғыстау мұнайын игеру еді – дейді Қазақстан мұнайшы-геологтар қауымдастығының президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы Балтабек Қуандықов.
Руханият • 26 Тамыз, 2019
Қуыршақ театры жаңа маусымын ашады
Республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры – Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры қазан айында мерейлі 85-маусымын ашуға бүгінде қызу дайындық үстінде.
Руханият • 26 Тамыз, 2019
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрау…
Қазір әлеуметтік желілерде, дастарқан басында да «қазақта кезінде Абай сияқты шалдар көп еді, Абайдың ел арасына тарап, атағының шығуы жазушы Мұхтар Әуезовке тікелей байланысты» деген әңгімелер белең алып, тіпті «Атың шықпаса, Абайға тиіс» деген заманға сай мақал пайда болды. Бұл әңгімелердің негізгі себебін Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылғы «Қазақ» газетіндегі «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласынан көреміз: «Көп сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың ара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғаны біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр тиетіні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда».
Экономика • 26 Тамыз, 2019
Moody’s Қазақстан экономикасына болжамын жақсартты
2019 жылғы 22 тамызда Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредит рейтингін «Baa3» деңгейінде бекітіп, болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» жақсартты.
Медицина • 25 Тамыз, 2019
Келесі жылы тегін дәрі-дәрмек тізімін екі есеге көбейтеміз - Денсаулық сақтау министрі
Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов Қарағанды облысына келген жұмыс сапары барысында Абай ауданының Топар кентінде орналасқан Орталық аудандық аурухананының қаншалықты жабдықталғанын тексерді. Бұл туралы министрліктің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
• 25 Тамыз, 2019
Димаштың сахналық костюмі аукционда 600 мың теңгеге сатылды
«Burabike Fest-2019» спортты-музыкалық фестивалі аясында өткен қайырымдылық аукционында әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің сахналық костюмі 600 мың теңгеге сатылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Бокс • 25 Тамыз, 2019
Сергей Ковалев Энтони Ярдты нокаутқа түсірді (видео)
Ресейлік Сергей Ковалев ұлыбританиялық Энтони Ярдты жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғады деп хабарлайды Vesti.kz.