Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20500 материал табылды

Үкімет • 25 Қазан, 2023

«Бейнеу-Жаңаөзен»: Екінші желі іске қосылды

Премьер-министр Әлихан Смайылов телекөпір арқылы ұзындығы 308 шақырым болатын «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісін іске қосты. Құбыр құрылысы өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүргізілді.

Саясат • 25 Қазан, 2023

Қоғамның жоғары бағасы

Республика күні қарсаңында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның бірқатар мүшесіне мемлекеттік марапат тапсырды.

Пікір • 25 Қазан, 2023

Отанның мерейлі күні

Бұл күн есімнен кетпейді. Елдің, Отанның қуанышы не екенін туған жерден шалғайда жүргендер жақсы біледі. Мәскеуде ғарышкерлер құрамында жүрген 1990 жылдың 25 қазанында «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Төбем көкке жеткендей қуанғаным әлі есімде.

Үкімет • 25 Қазан, 2023

Лайықты құрмет

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Премьер-министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.

Халық • 25 Қазан, 2023

Абыздың батасы

Қасымхан Алдабергенұлы – 99 жасқа қадам басқан қарт журналист, соғыс ардагері. Ахмет Байтұрсынұлы туған өңірдің көнекөз абызы. Республика күніне орай дана қариядан бата сұраған едік.

Президент • 25 Қазан, 2023

Президент ел азаматтарын Республика күнімен құттықтады

Ақорда баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.   

Құтқарушы • 24 Қазан, 2023

Ерлік жасадым деп есептемеймін

Өз басым ауыз толтырып айтарлықтай ерлік жасадым деп айта алмаймын. Адам ретінде қиын жағдайға тап болған жандарға қолұшын создық. Соған қарамастан кішігірім еңбегімді бағалап «Ерлігі үшін» медалін табыстап жатқан ел басшыларына рахмет айтамын. Бұл марапатты Президенттің өз қолынан алғанымды мақтан тұтамын.

Қоғам • 24 Қазан, 2023

Елордада «Егемен Қазақстан: Жастар Дауысы» атты форум өтті

Maqsut Narikbayev University-де Республика күніне орай «Егемен Қазақстан: Жастар Дауысы» атты форум өтті. Аталған іс-шараны Конституциялық және саяси зерттеулер институты ұйымдастырды. Форумның мақсаты – әртүрлі буын заңгерлеріне Қазақстанның егеменді дамуының өзекті мәселелерін және құқықты интерактивті платформада талқылауға мүмкіндік беру.

Аймақтар • 24 Қазан, 2023

ШҚО-да дін тақырыбында тренингтер өтті

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.

Аймақтар • 24 Қазан, 2023

Екібастұз, Павлодар қалаларында дін тақырыбында семинарлар өтті

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Екібастұз және Павлодар қалаларында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.

Яндекс.Метрика