
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясының айтысты қайта қолға алатынын айтты
«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды. Сапар барысында ол партияның облыстық активімен кездесіп, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталып өтті. Сондай-ақ аймақтың белсенді жастарымен арнайы кездесіп, партияның жас буынмен жұмысы жаңа деңгейге көтерілетінін жеткізді.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Президент әкімшілігінің келісімімен Алматы әкімінің өкімімен Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Ақтөбе облысы Түркістанға театр тарту етпек
Ақтөбе облысының әкімі Түркістан облысына жасаған іс-сапары барысында Түркістан қаласының облыс орталығы болып құрылуына байланысты Ақтөбе өңірінің тартуы ретінде салынып жатқан драма театрдың құрылыс жұмысымен танысты. Аталған нысан құрылысы Түркістан мен Ақтөбе облыстарының бірігіп қаржыландыруымен жүзеге асуда. Бұл туралы Ақтөбе облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 11 Шілде, 2019
Стилистер жеңіл өнеркәсіпті дамытуға мүдделі
Отандық сән әлемінің саңлақтары елдегі жеңіл өнеркәсіпті өркендетуді көздеуде. Таяуда елордада 50-ге жуық стилист бас қосып, аталған индустрияны ілгерілетудің амалдарын қарастырды.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра-дастан» атты мерекелік шара өтіп, онда көрмеге 40-қа жуық домбыра қойылды. Шараның мақсаты – халқымыздың ұлттық аспабын жан-жақты насихаттап, өзіне тән ерекшелігін көпшілікке жеткізу.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Тоғыз ай оқуын тәмамдап, тоқсан күн демалысқа шыққан кез келген баланың санасында жазғы демалысты қалай, қайда өткіземін деген сауал сарнап жататыны белгілі. Үш айлық үзіліске үлкен дайындықпен кірісіп, ауылдағылар қалаға, қаладағылар ауылға ағылатын мезгіл де осы. Мамыражай мамырдан, тамылжыған тамызға дейінгі аралықта ел балаларының еркін тынығуына түрлі жағдайлар жасалып қойылған. Соның бірі өткен жылдан бастау алған – «Туған елге саяхат» лагері.
Руханият • 11 Шілде, 2019
Тектілерге тұғыр болған Тайсойған
Заманымыздың заңғар жазушысы, ұлтымыздың ұлы ойшылы Әбіш Кекілбайұлы абыз ақсақал Сафи Өтебаев дүниеден өткенде өзінің жоқтау сөзін «Егемен Қазақстан» газетінде 13 сәуір 2007 жыл «Патриарх» деген тақырыппен жариялаған еді.
Қоғам • 11 Шілде, 2019
«Халқына қызмет ету – білімнен емес, мінезден»
Жақсы адам – елінің серкесіндей, Халқының қалың жүнді көрпесіндей... Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы, Жасынан бірге өскен еркесіндей...
Қазақстан • 11 Шілде, 2019
Елбасына ізгі тілектерін жолдады
Астана күні мен Елбасының туған күніне орай Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау хаттары әлі де келіп жатыр, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Руханият • 11 Шілде, 2019
Қайтпас ғалым, қажырлы қайраткер
Қазіргі қазақ ғылымындағы танымал тұлға, академик Әбдуәлі Баешовтың арғы бабасы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы көне Сығанақ қорған-қалашығынан шыққан Хусамиддин ас-Сығанақи. Кейін халық ол кісіні «Сунақ ата» атап кеткен. Ал Әбдуәлінің бала кездегі арманы радиоэлектроника маманы болу еді. Бұл мамандықтың жоғары оқу орны тек Ресейде болғандықтан, амалсыз ол Шымкент Қазақ химия-технология институтының электрохимия өндірісі технологиясы мамандығын таңдауына тура келеді.