Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23677 материал табылды

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019

Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесті

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының ағымдағы қызметі мен жұмыс жоспарлары туралы баяндады. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.

Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019

1,8 млн қазақстандық атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған

Түркістан облысы Арыс қаласынан Павлодар облысының Майқоңыр ауылына қоныс аударған Серік Жәдігердің көпбалалы отбасысы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға дән риза. Қоныс аударушылар атаулы әлеуметтік көмекті және басқа да төлемдерді алып, жаңа, мұқтажсыз өмір сүруді бастай алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019

МӘМС: елордалықтар тамыз айында 25 млрд теңгеден астам жарна аударды

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 тамызы  аралығындағы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 25 млрд теңгеден асады. Бұл республика бойынша түскен сақтандыру жарнасы мен аударымдарының  12,4 %-ын құрайды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналалық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019

Жастарға жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қарашадан бастап қабылданады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.

Әлем • 10 Қыркүйек, 2019

Джек Ма Alibaba Group басшылығынан кетті

Бүгін Қытайдағы ең бай адам Джек Ма Alibaba Group Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетеді.

Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019

Елімізде 507 мың азаматтың несиесі өтелді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Светлана Жакупова Орталық коммуникациялар қызметінде ел азаматтарының борыш жүктемесін азайту шараларын халыққа түсіндіру мақсатында  өткен баспасөз конференциясында айтты.

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019

Комитет отырысында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы қаралды

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019

БҰҰ Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күнінің он жылдығын атап өтті

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан бастамасымен құрылған Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күнінінің он жылдығын жоғары деңгейдегі ресми пленарлық отырыс форматында атап өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019

Қасым Аманжолов атындағы республикалық мүшәйраға өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 4 қазан күні  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ поэзиясының алыбы, дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» республикалық мүшәйрасын өткізеді. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019

Латын графикасының негізінде жалпыұлттық диктант өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасында, сондай-ақ еліміздің барлық облыстары, қалалары және аудандық кітапханалар мен ЖОО-да латын графикасы негізінде қазақ тілінде жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады.