Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3067 материал табылды

Тұлға • 11 Қазан, 2023

Абзал азамат

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын­да «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл бірінші кезекте жергілікті билікке қарата айтылып отыр» деген болатын. Сондықтан өңірлердегі реформалардың нәти­желі болуы жергілікті басқарушы элитаға, оның сапасына байланысты. Осы ретте еліне қалтқысыз қызмет еткен мемлекетшіл тұл­ғалардың дара жолы – қазіргі және болашақ саяси мемлекеттік қызметшілер бой түзейтін та­ғылым болары айқын. Сондай тұлғалы азаматтардың бірі ретінде Ақтөбе өңірінің әлеуметтік-эко­но­микалық, қоғамдық-саяси са­лаларында басшылық қызмет­терде іскерлігімен, парасат­тылығымен ерекше із қалдырған, жұрт­шылықтың ықыласына бө­ленген Рамазан Нұржановты айтар едім.

Зерде • 11 Қазан, 2023

Қойсана ана

«Ханның бәрі Абылай емес, батырдың бәрі Ағыбай емес» деген екен бұрынғылар. Осы бір ауыз сөзден Ақжолтай атанған Ағыбай батырдың биік мәртебесін тануға болады. Талай-талай шайқастарда қасарысқан қас дұшпанды қаусата жеңген Ағыбай батырдың ісі аңызға, аты ұранға айналған еді. Елдің еркіндігі үшін қалың қазақты ұрысқа бастаған Ағыбай Қоңырбайұлы 1802-1885 жылдар аралығында өмір сүрген.

Тарих • 11 Қазан, 2023

Әлти – миллионер

Өткен ғасырдың басында капиталистік қатынасы жаңа қалыптасқан Ресейдің құрамдас бөлігі болған қазақ жеріне де сауда-саттықтың тереңдеп кіре бастағаны көзіқарақты оқырманға белгілі. Ұзақ жылдар бойы дағдарыстан шыға алмай келе жатқан қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығына да жаңа экономикалық жағдай әсер ете бастады. Тауарлы-ақша қатынасы қазақ шаруаларын жаңа жағдайға икемделуге итермеледі. Олар енді мал шаруашылығы өнімдерін Ресей нарығындағы бәсекеге төтеп бере алатындай сапалы дайындауды жолға қойды.

Таным • 11 Қазан, 2023

Қызылүйік ғибадатханасы

Жылыой өңіріндегі бұрынғы «Қосшағыл» кеңшарының алыс мал жайылымында орналасқан немесе Тоқсанбай тұрағынан терістікке 51, аудан орталығы – Құл­сарыдан шығыста 250 ша­қырым қашықтықтағы Қы­зыл­үйік ескерткіші Қазақстан архео­логтерінің кейінгі жылдарғы тағы бір ден қояр ірі жаңалықтарының бірі еді. Осынау екі мың жылдан астам тарихты ішке бүккен ғажайып ғибадатхана сармат дәуірінің Арал-Каспий теңіздері аралығындағы теңдесі жоқ ірі ар­хитектуралық туынды. Адам­дардың шаман дініне бас ұрып, Күнге табыну, соғыс құдайын пір тұтқан кездегі бұл ес­керт­кіш алып жатқан аумағының мол­дығына қазақ археологиясында тұңғыш рет еш техниканың көмегінсіз қол күшімен аршылып, атқарылды. Осының өзі-ақ ондағы қазба жұмыстарының өте сақтық, қырағылықпен жүр­гізілгендігін көрсетпей ме?

Елорда • 11 Қазан, 2023

«Әр қазақ – менің жалғызым!»

Елордада дүние жүзінен жиналған қазақтар «Отандастар» форумында бас қосты. Осымен екінші рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға қырыққа жуық мемлекеттен 200-ден аса қандас жиналды.

Әлем • 11 Қазан, 2023

Нобель сыйлығын кімдер алды?

Осы аптада ғылым саласы бойынша әлемдегі ең беделді мара­паттардың бірі Нобель сыйлығының лауреаттары анық­талды. Нобель сыйлығы жыл сайын физика, химия, медицина, әдебиет, экономика, бейбітшілік салаларында жетістікке жеткен ғалым­дарға, қайраткерлерге беріледі.

Әскер • 10 Қазан, 2023

Әскери өмірмен танысты

Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылындағы М.В.Ломо­но­­сов атындағы мектеп пен Ақши ауылында орналасқан Бөлек батыр мектебінің «Жас бүркіт» әскери-патриот­тық клубының оқушылары 6654 әскери бөліміне келіп, құқықтық тәртіп әскерінің өмірімен танысты.

Өнер • 10 Қазан, 2023

Шабыты шалқар суреткер

Бір әңгімесінде Балнұр өзінің атын қойған әкесі екенін, оны екі сөзден ойлап құрастырғанын айтқан болатын. Бірінші сөз – Бал, ол – өз әкесі Балғабектің бірінші буыны, екінші сөз – Нұр деген Нұрғисаның бірінші буыны екен. Олар жақсы дос болған, бір-бірінің дарынын бағалап, сыйласып өткен.

Жануарлар • 10 Қазан, 2023

Қырық құлан «Алтын даланы» жайлайды

«Egemen Qazaqstan» газетінің 29-санында «Нағыз құлан үйірі әкелінеді» деген шағын мақаланы оқып, көзден қой­ғанда көңілден де түр-тұрпаты бұл-бұл ұшқан нағыз құланның суретін көргенде «кемпірім ұл тапқандай» қуанғаным рас.

Спорт • 10 Қазан, 2023

Бапкер беделі

Ұлтымызда «еңбегі сіңген» деген теңеу бар. Бұл сөз бір саланың дамуына тер төгіп, еңбегімен мойындалған білікті де білімді, белсенді де беделді тұлғаға қарата айтылса керек-ті. Осы өлшемге ұлттық спорттың жанашыры Ғалым Құлекешев сай келеді.