
Республика күні • 18 Қазан, 2023
1990 жылдың 25 қазан күні қабылданған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы» қазақ халқы үшін тарихи сәт болды. Артынша осы Декларация мен Конституцияға сәйкес елдегі өкімет билігі толығымен кеңес орындарының қолына көшірілді.
Зерде • 18 Қазан, 2023
Еліміздің қалмақтармен бірнеше ғасырға жалғасқан, бірде үзіліп, қайта өршіп отырған шайқасы 300-350 жылға созылыпты. Әбілғазы баһадүр 1603-1604 жылдары қалмақ әскері Хорезмге шабуыл жасады деп жазады. Қалмақ қолының қазақ жері шекарасынан бойлай өтіп, Орта Азия аумағына дейінгі кеңістікке сұғынып кеткенін баяндайды. Оларға қатты соққы берген Есім хан бастаған қазақ әскері 1627 жылы қалмақтарға шабуыл жасады, қалмақтар амалсыз кейін шегінеді. Бұдан кейін Жоңғар одағын құрған қалмақтармен бірнеше жойқын ұрыс, кескілескен майдан болғаны тарихтан мәлім.
Руханият • 18 Қазан, 2023
Көптеген отбасында жылдар бойы жинақталған фотоальбомдар, уақыт сарғайтқан жазбалар, қойындәптерлер, ашықхаттар, бәзбіреулерінде, тіпті жеке жанның қағазға түсірген сырға толы күнделіктері барына күмән келтірмеймін. Олар – әрбір шаңырақтың шежіресі, тарихы, дастан-архиві, өткен күндердің жарқын елесі, кейбір жандардың ешкімге жария етпеген құпия сыры, жүрек түбінде бұғып жатқан алтынға бергісіз қымбат, асыл дүниесі десек те болады. Кей отбасыларда атадан балаға мирас болып келе жатқан көне фотосуреттер, қолжазбалар, хаттар, кітаптар да сақталған. Соларды көз қарашығындай сақтап, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіп жүрген азаматтардың ұқыптылығына, игілікті ісіне шексіз риза боласың.
Тағзым • 18 Қазан, 2023
Баласағұн бабамыздың «Адам – бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артына жақсы ісі мен жақсы сөзін қалдыруы керек» деген тәлімді сөзі бар. Сондай игі жақсының қатарына Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Жүсіп Бұзаубаевты да қосуға болады.
Сараптама • 18 Қазан, 2023
Озық зерттеу орталықтарының бірі Йель университетінің Экологиялық құқық және саясат орталығы дүние жүзіндегі экологиялық таза елдердің рейтингін талдап, Экологиялық тиімділік индексін жариялап отырады. Аталған индекс ғылыми-талдамалық деректерге негізделіп, әлем елдерінің тұрақты даму көрсеткіштері туралы жиынтық ақпараттың негізінде жасалады.
Тарих • 18 Қазан, 2023
Тарихи құжат қабылданған уақыттан бері декларация туралы ондаған монография, жүздеген ғылыми мақала жазылып, арнайы диссертациялар қорғалса да, оның мәні мен мағынасы туралы пікірлер әлі толастаған жоқ.
Пікір • 17 Қазан, 2023
Сайлау жүйесін түбегейлі өзгерткен жөн
Елімізде алғаш рет қанатқақты жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтеді. Қазір осы жобаға байланысты сайлау өтетін 42 аудан мен 3 қала нақтыланып, үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын қолға алып та жатыр. Әрине, бәріміз сайлаудың әділ өткенін қалаймыз, бірақ...
Тарих • 16 Қазан, 2023
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары неміс фашистері Германияда және өздері басып алған мемлекеттерде барлау мектептері мен курстарының үлкен желісін құрды. Мұндай мектептер уақытша басып алған кеңестік республикалар мен облыстардың аумағында да қанат жайды. Бұл мектептерде фашистер диверсанттар мен тыңшыларды, шпиондарды даярлады.
Шаруашылық • 16 Қазан, 2023
Ауыл шаруашылығына кешенді көзқарас қажет
Бүгінгі таңда еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде көптен бері күрмеуі шешілмей келе жатқан қордаланған мәселе баршылық. Тіпті көп десе де болады. Енді сол мәселелердің ең негізгілерін ретімен санамалап шықсақ дейміз.
Тұлға • 15 Қазан, 2023
Қазақтың жаңа дәуірдегі ұлы күйшілерінің бірі, Тәттімбет мектебінің озық өкілі Әбікен Хасеновтің өмір сүрген кезеңі «зар заман» емес, нағыз «кер заман» болды. Көзі тірісінде қолына домбыра ұстағанның алды саналған дара күйшінің өмірі де, шығармашылық тағдыры да әлі күнге дейін сыры ашылмаған сандықтай құпиясы көп. Әбікен туралы кімдер қалам тербемеді? Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Уәли Бекенов, Сәбит Мұқанов, Сапарғали Бегалин, Тәкен Әлімқұлов, Жүсіп Алтайбаев, Ақселеу Сейдімбек, Өмір Кәріп, Кәмел Жүністегі... Рас, күйтанымға, ғылымға берері ересен осынау құнды еңбектердің бәрінде оның асқақ тұлғасы, шалқар сазгерлігі, азаматтық мінезі жақсы суреттеледі.