
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Биыл қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары 7 халықаралық рейс ашты
PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Айбек Әлжанов транзиттік авиа тасымалдар саласын дамыту туралы айтып берді. Бұл туралы PrimeMinister.kz хабарлады.
Тағайындау • 01 Қазан, 2019
Құрманбек Жұмағали «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды
Елбасы, Nur Otan партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында «Nur Media» холдингінің ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарауды, оның ішінде жаңа медиаға баса назар аударуды тапсырды. Партиялық БАҚ қарапайым халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, оны шешу үшін өзекті мәселелерді мемлекеттік органдарға жеткізетін объективті және жедел ақпарат көзі болуы керек.
Саясат • 01 Қазан, 2019
Қазақстан Елшісі Моңғолия Президентіне сенім грамоталарын табыстады
Моңғолия астанасы Ұланбатырда Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаевты сенім грамоталарын табыстау үшін Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Туризм • 01 Қазан, 2019
Маңғыстау облысы туризмді дамытуды мықтап қолға алды
Нұр-Сұлтан қаласындағы Маңғыстау облысының туристік әлеуетінің тұсаукесері аясында облыстың Туризм басқармасы іс-шара ұйымдастырды.
Қазақстан • 01 Қазан, 2019
Еліміздің көптеген аумағында күн жылы болады
Қазан айының алдағы аптасында жылы күзгі күндер оралады және еліміздің көптеген аймағының тұрғындарын қолайлы ауа райы қуантады. Бұл Иран аудандарынан жылы ауа массасының түсуімен байланысты болады. Бұл туралы Қазгидромет өкілдері хабарлады.
Президент • 01 Қазан, 2019
Қазақстан-Армения арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ниеттіміз - Қасым-Жомарт Тоқаев
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық әріптестік пен көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
А.Көлгінов «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларын құттықтады
Елорда әкімі А. Көлгінов «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларын мекеменің құрылғанына 11 жыл толуымен құттықтап, ондағы техниканың қысқа дайындық барысын да қарап шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлайды.
Президент • 01 Қазан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті
Кездесу кезінде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Технология • 01 Қазан, 2019
5G желісіне ауысу Интернет тарифтері құнының өсуіне әкелмейді — А.Жұмағалиев
Бүгін Үкіметте өткен баспасөз конференциясында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ауылдық елді мекендердегі ұялы байланыс сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Технология • 01 Қазан, 2019
Қазақтелекомда электронды SIM-картаға көшу перспективалары туралы айтылды
Бүгін Үкімет үйінің баспасөз алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Қазақстанда 5G енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.