Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3067 материал табылды

Таным • 30 Қазан, 2023

ҚазПИ түлектері – Бай өлкенің алғашқы ұстаздары

Тарихы Алаштың Ташкентке орныққан кезеңінен (1918 жылдан) басталып, 1928 жылы Алматы қаласына көшіп, еліміздегі талай университет пен институтқа іргетас болған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тарыдай шашылған әлемдегі қазақтың ағаруына да, жетілуіне де елеулі әсер етті. Осы оқу орнының Моңғолиядағы қазақтар үшін алар орны да ерекше. Моңғолия қазақтарының сауатын ашу, қандас қазақ бауырлары тұратын Баян-Өлгей қазақ аймағында алғаш мектеп ашу ісіне Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (ҚазПИ) сонау ХХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап бауырмалдық тұрғыдан атсалысып, аймақ орнаған алғашқы жылдары ондаған педагог мамандарын жіберіп, жергілікті қазақтан жүздеген мұғалімді даярлап бергені – тарихи шындық. Бұл Моңғолиядағы қазақтардың рухани өміріне бетбұрыс әкелді. Сондықтан Моңғол елі қазағы бұрынғы ҚазПИ, қазіргі Абай университеті десе, әрдайым мақтаныш сезімі кернеп, біліммен сусындатқан алғашқы ұстаздарын ұмытпайды.

Тұлға • 30 Қазан, 2023

Көкбозат

Дәрілбақиға аттанбайтын адам бар ма? Бәріміздің ертелі-кеш баратын жеріміз. Адамның өмірі абайсызда құлатып алған құманның суы сияқты. Көзді ашып-жұмғандай. Алды-артыңа қаратпай өте шығады. Дей тұра, өлімге қимайтын жандар болады. Сондай кісілер ұзақ өмір сүрсе екен деп Құдайдан тілеп-ақ жүресің. Шынында да, айналасындағы адамдарға пайдасы молынан тиіп жүретін тұлғаның ұзағырақ өмір сүргені – елге олжа. Қазақтың маңдайына біткен сындарлы сатирик Көпен Әмірбек дәл сондай жан еді.

Тұлға • 29 Қазан, 2023

Тұлға тағылымы

Кешегі кеңестік кезеңде қаншама тұлғаларымыз аудан, облыс, республика, одақ көлемінде маңызды әрі жауапты қызметтер атқара жүріп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етті. Олардың атқарған еңбегін жұрты ұмытпақ емес. Сондай тұлғаларымыздың бірі – Арал аудандық партия комитетінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған Тәкей Есетұлы Есетов.

Руханият • 29 Қазан, 2023

Қазақ – қашанда қазақ!

Технология • 27 Қазан, 2023

Жасанды интеллект: деңгейіміз қандай?

Өткен жылдың желтоқсанында «Oxford Insights» компаниясы «Үкіметтің жасанды интеллектке дайындық индексі-2022» зерттеуін жариялады. Индекс әлем елдері үкіметтерінің мемлекеттік қызметтерді ұсынуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізуге дайындық көрсеткіштерін бағалайды.

Зерде • 26 Қазан, 2023

Мұзарт Мұзағаң

«Адам жан сұлулығынан айырылғанда, бәрінен айырылады», дейді ағылшын (Ирландия) жазушысы Оскар Уайльд «Дориан Грей портреті» романында. Жан сұлулығы мен өлермен өктемдік – екеуі бір-біріне кереғар, үйлеспейтін өлшемдер. Жан байлығында салиқалы да көрегендік бекзаттылық бар, ал екіншісі – құлдық жартыкеш психологиядан туындайтын болуы керек. Жаны ізгіден нұр тарайды, оның жанындағылар қанаттанып, биікке самғайды. Ал ақын жанының қайнар бұлағынан атқылап шыққан сәулелі жырдан ел нәрленіп, еңселенеді.

Республика күні • 25 Қазан, 2023

Сарғайған газет шежіресі: «Ерекше маңызды құжат»

Еліміздің азаттығы туралы әңгімелер айтылып жатқан кезеңде «Социалистік Қазақстан» газетінде тәуелсіздік декларациясына қатысты мақалалар жарияланды. Сол кезде депутаттардан ғана емес, жалпы жұрттан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөніндегі арнайы құрылған комиссия бір аптадан астам уақыт жұмыс істеген, аталған комиссияның төрағасы болған депутат Салық Зимановтың «Ерекше маңызды құжат» мақаласы «Социалистік Қазақстанның» 1990 жылғы 28 қазандағы нөмірінде жарық көрді, көлемділеу мақаланы ықшамдап ұсындық.

Пікір • 25 Қазан, 2023

Әскер – ұлт айбары

25 қазан – ата-баба арманы орындалған күн. Бұл күн болашақ ұрпақтың өркен­деуін қамтамасыз ете отырып, дербес әрі тәуелсіз даму жолын таңдаған бетбұрыс ретінде тарихта мәңгілікке қалады.

Сұхбат • 25 Қазан, 2023

Намыс пен жауапкершіліктің сын сағаты

Осыдан отыз үш жыл бұрын Алаш жұрты арман еткен алғашқы құжа­ты­мыз жарияланды. Азаттықты аңсап күткен халықтың ертеңге деген сенімі батылдыққа бастады. Осы­­лайша, ел ағалары бастап, жұрт қолдап, еге­мен­дік­тің ең басты құжатын қабыл­да­дық. Елдің ертеңге деген сенімі ұлғайды. Бүкілхалықтық серпіліс қазақ­тың бойына қан жүгіртті. Асу бермес биіктерге қол соза бастадық. Етек-жеңімізді жинап, алыс-жақын елдермен тереземіз теңесті. Соның барлығы декларациядан бастау алды. Сан алуан тосқауыл, түрлі кедергіден сүрінбей өткен құжаттың жігерлендіруші күші де осы еді. Елең-алаң шақта ерлік іске бастап, азаттықтың ақ таңына қол жеткізгенімізді айшықтап берген құжаттың маңызы мен тәуелсіз мемлекетке тән өзгеріс туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әділ АХМЕТТІҢ айтарына құлақ түрдік.

Фотогалерея • 25 Қазан, 2023

Фотошежіре