Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3067 материал табылды

Халық • 16 Қараша, 2023

Төзімнің берекесі бар

Бүгін – халықаралық толеранттылық күні. Атаулы күнді БҰҰ азаматтар мен қауымдастықтар арасындағы толеранттылық пен өзара түсіністік қағидаттарын ілгерілету және қолдау үшін белгіледі. Бұл күн әлемдегі бейбітшілік, тұрақтылық және үйлесімді өмір сүруді ілгерілетудегі толеранттылықтың маңыздылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Тұлға • 15 Қараша, 2023

Ұлттық мінез суретшісі

1977 жыл еді. Алматы облыстық «Жетісу» газетінде қызмет етіп жүр­ген кезім. Редакция табалдырығын атта­ғаныма да 7-8 жылдың жүзі болған. Өзімізді кәнігі журналистей сезініп қалған кезіміз.

Тарих • 15 Қараша, 2023

Жасымаған «Жас тұлпар»

Адам санасындағы ең жоғарғы саты – ұлттық болмыс. Ұлт болу және елдікті сақтау – ұзақ та жауапты үдеріс. Ал адамзат тарихындағы ең әділетті күрес – ұлт азаттығы үшін күрес. Азаттық пен теңдікке ұмтылу, тәуелсіз мемлекет құру – халық арманы. Бұл арман «ұлт» деген ең қасиетті, ең киелі сөздің құдіретінен туады. Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудың биік белесі Алаш қозғалысы десек, 40 жылдан соң сол ұлы арманды жаңғыртуға тырысқан «Жас тұлпар» ұйымы еді.

Тұлға • 15 Қараша, 2023

Сеулдегі сұрапыл айқас

Грек-рим күресінен әлем, Еуропа және Азия чемпионы, қос Олимпиаданың жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың Олимпиада кілеміндегі ерлігі туралы.

Аймақтар • 15 Қараша, 2023

Ардагерлер Ұлытауда ақылдасты

Жезқазған қаласында Ұлытау облыстық Ауғанстан соғысы мен Чернобыль апатын жоюға қатысушылар ардагерлері ұйым­дарының бастамасымен «Жаңа Қазақстан идеясы: қо­ғам­ның бүгіні мен болашағы» атты республикалық форум өтті.

Сараптама • 15 Қараша, 2023

Дәстүр және жастар көзқарасы

Бүгінгі қоғамда азаматтардың жаңашылдық пен өзгеріске бейімделе отырып, өз құндылықтарын қалыптастыруы өзекті мәселе екені түсінікті. Ұсынылған материалда жұртшылықтың дәстүрді жаңғыртуға қатысты көзқарасы, осы бағыттағы өзекті мәселелер қарастырылған.

Таным • 14 Қараша, 2023

Дайын тест сананы мүгедек етеді

Өзі сабақ беретін пәнді сүйетіні сонша, «Математика – менің қазақ тілінен кейінгі екінші тілім», «Математика – ғылымдардың патшасы» деп санайтын «KEMEL» қалалық физика-математика мектебінің негізін қалаушы, білікті ұстаз Мерейхан Сансызбайұлының «Кемелденген математика» атты мұғалімдерге арналған семинар-сабағына қатысқан едік.

Шаруашылық • 14 Қараша, 2023

Қазақтың еділбай қойы

Төрт түліктің ішінде қазақ халқы қой малына ерекше ықылас танытқан. «Мал өсірсең, қой өсір, табысы оның көл-көсір», деп бабаларымыз бекерден-бекер айтпаған болса керек. Бірақ соның көбі сөзде болғанымен, істе божырап, кей тұста берекесіз тірлік болып жататыны да жасырын емес. Қазаққа тиесілі байтағымыздың астын айтпағанда, үстінде де мол байлық бар екеніне ешкім күмән келтірмейді. Сол байлықтың бірі – қазақтың құйрықты қойлары. Бүгінде дүние жүзінде 15 құйрықты етті-майлы бағыттағы қой тұқымы өсірілсе, соның 6-ы – біздің елімізде, қой малы басының 90 пайызға жуығын құрайды.

Қазақстан • 14 Қараша, 2023

Шекарамыздың шебі берік пе?

Бұл сауал көкірек көзі ашық азаматтарды алаңдатып-ақ тұр. Себебі шекара шебінде қалқан болып тұрған қаншама ауыл құрып барады. Еліміздің «солтүстік қақпасы» саналатын Қызылжар өңірінің алты ауданы көршілес Ресеймен шекаралас. Ақжар, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл, Мамлют, Уәлиханов аудандарындағы 93 ауыл шекара маңындағы елді мекендер санатына жатады. Даму әлеуеті бар елді мекендерді анықтау кезінде 8 789 тұрғыны бар 23 ауыл іріктеліп алынған. Қалған 70-інің болашағы бұлыңғыр деп ұйғарылыпты.

Зерде • 13 Қараша, 2023

Кенесарының тарихи рөлін зерделеген тарихшы-ғалым Елтоқ Ділмұхамедов туралы

Биыл көрнекті тарихшы Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедовтің туғанына 120 жыл толды. Тарихымызды тануда бірі білсе, бірі біле бермейтін, ел үшін атқарған орасан зор еңбегі бар ғалым осыдан 77 жыл бұрын «Кенесары – халық қаһарманы» деген тұжырым жасады. Бірақ осы үшін кеңестік саясаттың неше түрлі теперішін де көрді.