Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24258 материал табылды

Үкімет • 28 Қараша, 2019

Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен және Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында Президенттің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 28 Қараша, 2019

Нұр-Сұлтанда жыл сайынғы Халықаралық «Қазавтожол - Кaztraffic-2019» көрмесі өтуде

Қазақстанда жүзден аса жол компаниясы жол құрылысы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау саласындағы соңғы жетістіктерді ұсынып отыр. Елордада халықаралық «Қазавтожол - Kaztraffic-2019» көрмесі жұмыс істеуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 28 Қараша, 2019

Ауғандық жауынгерлер Қазақстандағы соғыс ардагерлері мәртебесін алады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі - Еңбекмині) селекторлық жиналыс өткізіліп, оның барысында Еңбек министрі әзірлеген «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына ұсыныстар талқыланды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 28 Қараша, 2019

Ирактан Қазақстанға 14 бала қайтарылды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 28 Қараша, 2019

Алтай Көлгінов Біріккен Араб Әмірліктерінен келген делегациясымен кездесті

Тараптар білім, мәдениет, инновация, инвестиция салаларындағы өзара ынтымақтастықтың басты бағыттарын талқылады. Сонымен қатар туризм мен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге жіті тоқталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 28 Қараша, 2019

Қазақстанның туристік бизнес өкілдері кәсіби біліктілігін арттырды

25-27-қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қазақстандық тур операторлар мен қонақүй бизнесі өкілдеріне арналған тегін тренингтер мен шеберлік сабақтары өтті. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы ұйымдастырған шараға еліміздің 10 қаласынан 100-ге тарта адам қатысты. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қостанай облыстары, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы және Шымкент қалаларының өкілдері жиналды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 28 Қараша, 2019

Нұр-Сұлтанда ТМД елдеріндегі еңбек тәртібін реттеу мәселелері талқыланды

Қазақстанның астанасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) мүше мемлекеттеріндегі еңбек стандарттары бойынша халықаралық конференция өтті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 28 Қараша, 2019

Айдарбек Сапаров «Ауыл» партиясының XVI съезінің жұмысына қатысты

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XVI есеп беру-сайлау съезінің жұмысына қатысты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 28 Қараша, 2019

Әскери дәрігерлер жедел емдеудің жаңа әдісін қолданды

Қазақстан Республикасының ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталі травматологиялық бөлімінің дәрігерлері алғаш рет Нұр-Cұлтан қаласында әскери қызметшіге тізе буынының патологиясын жаңа әдістеме бойынша жедел емдеуді жүргізді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 28 Қараша, 2019

Қазақстанда тұңғыш пікірсайыс федерациясы құрылды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстан Пікірсайыс федерациясы» ресми түрде таныстырылды.