Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3067 материал табылды

Таным • 03 Желтоқсан, 2023

Жан және «Еуропаның жағалауы»

Исламның ойлау жүйесі мен дүниетанымының Хақ (Истина) хақындағы қағидаттарының поэтикалық құрылымын (калам), пәлсапалық қисынын (логикасын), діни заңнамалық дәлелін (фиқһ-Fiqh) түсінбей – Абайды түсіну мүмкін емес. Ұсынылған мақалада Еуропа философтарының Жан мен Тән, Жанның тегі мен түрлері туралы пікірлері мен Абайдың философиялық ойларының арасындағы байланысы салыстырыла сараланады. Сонымен қатар Жан мен Тән және Жанның түрлері туралы неміс ғалымы Фридрих Эдуард Бенекенің әйгілі «Тәрбие мен оқытуға арналған жетекші нұсқау» атты философиялық-психологиялық тақырыпты қамтитын философиялық-психологиялық трактаттарымен Абайдың таныс болғаны осы мақала арқылы ғана ғылыми ортаға белгілі болып отыр. Бұл – абайтану ілімінде бұрын мүлдем қаперге алынбаған дерек көзі.

Қазақстан • 01 Желтоқсан, 2023

Президенттік институттың ел дамуындағы маңызы

Елімізде президенттік институттың қалыптасуы әлеуметтік-экономика­лық, қоғамдық-саяси және ұлтаралық дағдарыспен қатар келді. Осы қиын ж­ағ­дайда президенттік инс­титут еліміздің егемендігі мен мемлекеттік басқару жүйесін нығайтудың негізгі стратегиялық бағыттарын анықтауға мұрындық болды. Мұндай саяси институт аз уақытта республикадағы экономикалық тұрақсыз­дықты еңсеріп, халық­тың әлеуметтік жағдайын көтеру, қоғамдық келісім­нің алғышарттарын қалып­тас­тыру үшін қажет еді.

Тарих • 30 Қараша, 2023

«Мақыш балуан» повесі кімге арналған?

Кеңестік кезеңде қуғын-сүргіннің зардабын қазақ жұрты да аз шек­­педі. ХХ ғасырдың 20-50 жылдары большевиктік-сталиндік би­лік­тің солақай саясатынан қаншама жазықсыз жан жапа шек­ті: біреуі атажұртын тастап, шет жерлерге мәжбүрлі түрде жер­ ауды, біреуі атылып кетті, енді біреуі түрмеге жабылды, ке­ле­сі бірі хабар-ошарсыз кетті. Алайда сол жандардың артында қалған ұрпақтары жадында олар туралы естеліктер қал­ды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мем­ле­кеттік комиссия қолға алған жоба – «ХХ ғасырдың 20-50-жыл­да­рындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін және оңал­­ту үдерістері: бірыңғай деректер базасын құру» аясында қу­ғын-сүргін құрбандары туралы архив құжаттарымен қатар әр өңір тұрғындарынан естеліктер жинастырылған. Сондай есте­лік­­тердің бірін жазушы Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ айтып­ бер­ген еді.

Зерде • 30 Қараша, 2023

«Қасірет» мемориалы

Алдымен кеңестік уезд, губерния орталығы, содан кейін облыс орталығы болған Шымкент қаласы бір кездері Оңтүстік өлкенің жазалау орталығына да айналған. Бұл жер өлкедегі кеңес өкіметіне қарсылық көрсеткендердің барлығын айыптау, тергеу, тергеусіз соттау мен ату орталығы болды. Оған куә – қазіргі кезеңде жыл сайын 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні тағзым ету орнына айналған қаламыздың «Нұрсат» шағынауданының батыс жағын ала орналасқан, кезінде «Албастысай» деп аталған жер – жазықсыз жапа шеккен 2 мыңнан астам отандасымыздың бауырластар зираты.

Әдебиет • 30 Қараша, 2023

Өмірдің өрген өлеңін

Қазіргі қазақ жырының ақсақалы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сейфолла Оспанов сексен бес жасқа толды. Жаратқанның жақсылығы болар, ақын ағамыз осынау мазмұнды ғұмырының алпыс бес жылын қазақтың қасиетті өнері – өлеңге арнады. Сыр бойының түлегі болғасын, оның ақын болмауға қақы жоқ сияқты болып көрінеді. Сыр сүлейлерінің сан алуан көшінде, әр кезеңнің белестерінде ұлтына ұлық сөзін ұзатқан, тереңнен тауып терме өрген, тамырдан тартып шерленген, тұрлаулы сөзді өңгерген, тыңдарманға дем берген, тарихтың тарауын таңдайға құйып меңгерген, таланттардың көзін көріп, қолдарына су құйған, батасын алып, пұл жиған, көкірегіне құйылған таң нұрындай таза сөзді жүрегіне жазып ержеткен Сейфолла ағамыз алғашқы өлең сапарында адамгершілік пен адалдықтың ақ туын сол алдыңғы аға ұрпақтың көңіл қайнарынан құйылып жеткен ұлағаттан тауып, өмір бойы осы ұстанымнан айнымай келеді. Сондықтан да ақын өлеңнің өрісіне түскенде «Жыр – ана» деген имани кодекске қол қойып, сертсөздің сілтемесін тұғыр етіп ұстайды.

Жастар • 30 Қараша, 2023

Зерттеу нәтижесі: Биылғы жастар портреті қалай шықты?

Еліміздің әрбір үшінші тұрғыны жастар санатына жатады. Олардың сұранысы мен қажеттілігі жалпы қоғамның жағдайын тікелей көрсете алады. Сондықтан зерттеу жүргізіп, жастардың пікірін талдап отыру аса маңызды.

Шаруашылық • 30 Қараша, 2023

Мал азығын дайындау мұңы

Кейінгі он бір жылдың бедерінде мал азығын дайындаудың қиямет-қайымға айналып, шаруа қожалықтары мен тұрғын­дардың баяғыдан бері қажетінше шөп шауып алып жүрген шабындықтарының көзден бұл бұл ұшуы асқынған мәселе болып отыр. Осы өзекті мәселе жөнінде туған ауылым Қызбел тұрғындарының қынжылысын, талап-тілегін Үкімет назарына жеткізу мақсатымен қолыма амалсыздан қалам алдым.

Айбын • 30 Қараша, 2023

«Жас бүркіт» мұзбалаққа айналар

Жуырда Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Еркін Ботақанов, өзара әрекеттес органның өкілдері арнайы қатысты.

Ғылым • 29 Қараша, 2023

Тіл ғылымының тұлғасы

Қазақ тіл білімінің аға буын өкілдерінен бір керемет қасиетті байқауға болады. Ол оқымыстыларымыздың сан қырлылығы, ғылыми зерттеулердегі жан-жақтылығы дер едік. Міне, сондай ғылыми шығармашылығының ауқымы кең, әралуан салаларға тармақталған, атап айтқанда, қазақ тілі білімінің тарихы, графика, орфография мәселелерін, сондай-ақ қазақ тілінің морфология және сөзжасам салаларын зерттеумен қатар, қазақ тілін оқыту әдістемесін де зерделеп, елеулі табыстарға қол жеткізген көрнекті ғалым Қазақстан еңбек сіңірген ғылым қайраткері, педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайқызы көзі тірі болғанда 95 жасқа толар еді.

Жастар • 29 Қараша, 2023

Интернетті оқып жүр талай қазақ баласы...

«DataReportal» жаһандық сараптамалық платформасының биылғы статистикасына үңілсек, еліміздегі 18 миллионға жуық отандасымыз интернетті тұрақты пайдаланады. Әсіресе 12 мен 24 жас аралығындағы азаматтар TikTok пен Instagram-ды жиі қолданатын көрінеді. Ал осы жүйелердің тікелей эфирінде бақсы-балгер, құмар ойынды, жат ағымды насихаттайтындар өріп жүр. Желіде жеңіл пайда табуға шақырып, «аз ақшаңды көбейтуге көмектесемін» дейтіндер де баршылық. Қайтпек керек?