
Кино • 20 Қараша, 2019
«Қазбат» көркем фильмі көрерменге жол тартады
21 қараша күні сағат 19.30-да Қазмедиа орталығының киноконцерт залында шынайы оқиғаға негізделген «Қазбат» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтеді. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 20 Қараша, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның мақсаты – әлемдік үрдістен қалып қоймау
Қасым-Жомарт Тоқаев «Alem» бағдарламалау мектебіне, Халықаралық «Astana hub» IT-стартаптар технопаркіне және «Astana IT University» ақпараттық технологиялар университетіне барды. Бұл нысандардың бәрі «Астана ЭКСПО-2017» аумағында орналасқан. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Аймақтар • 20 Қараша, 2019
Қызылорда облысында «Жұмыс іздеймін» бос орындар жәрмеңкесі өтті
З.Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйінде аудандық прокуратура, Халықты жұмыспен қамту орталығының және пробация қызметінің ұйымдастыруымен пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарға арналып «Жұмыс іздеймін» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 30 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жәрмеңкеге 8 жұмыс беруші мекеме өкілдері қатысып, 58 бос жұмыс орнын ұсынды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 20 Қараша, 2019
Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс – Президент
Цифрландыру – заман талабы. «Astana Hub» отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда деп жазды Президент twitter-дегі парақшасында.
Қоғам • 20 Қараша, 2019
Нұр-Сұлтанда газ бағасы қанша болады?
Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков Нұр-Сұлтан қаласын газдандырудың бірінші кезеңі аясында газ бағасын белгілеу туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қоғам • 20 Қараша, 2019
Павлодарлық полицейлер пальто ұрлаған күдіктіні ұстады
Павлодар қаласындағы сауда үйлерінің бірінде киім өлшейтін орыннан сатушылар ұрлыққа қарсы сынған датчиктерді тапты. Бутикті жапқаннан кейін тауарды санау кезінде персонал ер адамның пальтосы жетіспейтінін анықтады. Жәбірленушілер полицияға жүгінді. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
• 20 Қараша, 2019
Зорлық-зомбылық қылмыстар үшін жаза қатаң болады
Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар үшін қатаң жаза қолданылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды деп хабарлайды egemen.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Қараша, 2019
Ұрлық жасау ауыр қылмыс санатына көшеді
Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды.
Қоғам • 20 Қараша, 2019
Сабақ болмайтыны туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
Ауа райының нашарлауына байланысты елорда мектептерінде кейбір сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды. Сабақ болмайтындығы жайлы ақпарат бірінші кезекте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының ресми дереккөздерінде жарияланады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Әлем • 20 Қараша, 2019
Ұлы дала жәдігерлері – ежелгі Эллада төрінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жуырда Грекия мемлекетінің астанасы Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» атты көрмесін ашты. Ол «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 11 желтоқсанға дейін жалғасады.