
Технология • 07 Қараша, 2019
Қазақстанда роботтехника енді дамып келе жатқан жас саланың бірі. Бұл саланың қалыптасу тарихы да қызық. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында роботтехника саласы қарқынды дамып, тіпті бұл тақырып әдеби шығармаларда да көріне бастады. Ағылшын жазушысы Мэри Шеллидің «Франкенштейн», Чех жазушысы Карл Чапектің «R.U.R.» сынды туындылары соның айғағы. Сахналарда фантастикалық туындылар қойылды. Осылайша бірте-бірте «робот» термині әдебиеттен ғылым мен техникаға ауыса бастады.
Қоғам • 07 Қараша, 2019
Өмірде жұмбағы мол, тағдыры күрделі, өзіндік өмір жолы бар тұлғалар болады. Оларды әркім өзінің таным-түйсігіне, адами қасиетіне, парасат-пайымына қарай бағалайды. Осындай тұлғаларымыздың бірі, қазақтың даңқты перзенті – Мәжіліс депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.
Қоғам • 07 Қараша, 2019
Дәстүрлі байқау жалғасын тапты
Елордадағы Достық үйінде Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың алтын көпірі» байқауы өтті.
Қоғам • 07 Қараша, 2019
Әр күніміз әлеуметтік желіге байлаулы заманда балалардың бойында кітап оқуға деген құштарлықты тудыру қиынның қиыны. Қазір бесіктен белі шыға сала сәбидің қолына ұялы телефонды бере салуды әдетке айналдырғанымызды несіне жасырайық. Жас аналар үйдің тірлігімен айналысып, баланы алдансын деп қолына гаджетті де қыстыра салады.
Қоғам • 07 Қараша, 2019
Сөйлеу процессорлары иелеріне қайтарылады
Мүгедектігі бар адамдардың және қоғамдық бірлестіктердің ескі сөйлеу процессорларын алып тастау жөніндегі норманың күшін жоюға қатысты бірнеше өтінішті ескере отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ведомство мамандарына мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережелерінде аталған норманың күшін жою жөніндегі мәселені қарауды тапсырды.
Медицина • 07 Қараша, 2019
Қазіргі таңда еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде көптеген проблемалар бар. Азаматтардың уақтылы диспансерлеуден өту, сауықтыру шараларына қатысу, зиянды әрекеттерден арылу тағы басқаларына салғырттық танытуы өз денсаулығына тиісті жауапкершілікпен қарамауының бір көрінісі.
Қоғам • 07 Қараша, 2019
iKOMEK 109 – СМС арқылы жаңа сервис іске қосылды
iKOMEK 109 елорда тұрғындарын СМС-хабарландыру бойынша жаңа сервисті іске қосты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKOMEK 109 «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының» PR-қызметінің хабарлауынша, аталған орталық елорда тұрғындарымен және қонақтарымен кері байланыс сервисін жақсарту мақсатында Бірыңғай байланыс орталығына 109 қысқа нөмірі арқылы берілген өтініштер бойынша СМС-хабарландыру қызметін іске қосады.
Қоғам • 07 Қараша, 2019
Қазақстандықтар қандай көлікті таңдайды?
Автокөліктің қуаты қозғалтқыш көлеміне тәуелді екені белгілі. Қозғалтқышының қуаты жоғары болса, темір тұлпар да желісті, жүрдек болмақ. Сәйкесінше көлемді қозғалтқыштардың жағатын отынының көлемі де көбірек және салық мөлшерлемесі де жоғары, ең бастысы, бұл көлік құнына да тікелей әсер етеді.
Әдебиет • 07 Қараша, 2019
Жыршы-термешілер байқауы өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.
Тарих • 07 Қараша, 2019
Абылай заманында тарих сахнасына шығып есімі ел есінде қалған кесек тұлғалардың бірі – аталық шежіресі он екі атадан тұратын Абақ керейлерінің Шұбарайғыр тармағынан тарайтын батыр – Қожаберген Жәнібекұлы (1698-1785).