Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3067 материал табылды

Руханият • 10 Желтоқсан, 2023

Қазақ – қашанда қазақ!

Руханият • 07 Желтоқсан, 2023

Тілдің құдіреті мен қасиеті

Көл жағасында он шақты үйлі ауыл. Көршілер туысыңдай. Бірінің кем-кетігін екіншісі түгендейді. Жарамды ат әрқайсысында бола бермейді. Ол уақытта той-томалақ қазіргідей жиі болмаса да, өтіп жатады. Көрші келді үйге. Сөз бас­тады ақырын. Алдымен мал-жан, сосын өзге мән-жайға кезек тиді. Аталары жөнінде сөз өрбіді. Көргендерін естеріне алды, беттерін сипады. Аяқталар емес әңгіме. Көктемшілік жайы да ұмыт қалған жоқ. Биылғы төл жағдайы да айтылды. Үй иесінің атбегілік еңбегі де елеусіз қалмады, мадаққа оранды. Мұны кім жек көреді. Отағасы көңілі кеңіп, одан сайын жіби түсті. Соны байқаған көрші бастырмалата берді. Сиыр сауым кез орағытпа әңгімені қыздырып, ақыры құдаларына барып келу үшін жүйрік ат майын сұрады. Оған көнуден басқа амал жоқ еді. Солай болды да. Көнеден жеткен қымбат сөз үй иесін тырп еткізбей, бұрылып ұзай алмайтындай орады, сөйтіп азаматқа демеу болды, жоқтың кем-кетігін жамауға көмектесті. Әр шаруаның иінін келтіріп, қисынын табатын осындай биік шешендік қабілет қайдан жүр еді сол заман адамдарында? Олар тіпті мектепте де оқыған жоқ қой, өзгесін былай қойғанда.

Білім • 06 Желтоқсан, 2023

Ұлттық ректорлар мектебі

Елордада «Ulttyq Ustaz» онлайн академиясының ұйымдасты­руымен «Университеттердің жаңа үлгілері. Version 5.0» тақыры­бында «Ұлттық ректорлар мектебі» семинары өтті. Жоғары білім саласындағы маңызды іс-шара осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023

Құмар ойынның құрығы ұзын

Лудомания қазіргі заманда адамды аздыратын, оны қоғамнан өгейлен­діре­тін аса қауіпті әлеуметтік дертке айналды. Әсіресе кейінгі жылдары құмар ойын­ға арбалған жастар мен әйелдер санының тым көбейіп бара жатқаны алаңдатады.

Руханият • 06 Желтоқсан, 2023

Қара өлеңге дес бермеген Мұрат Мөңкеұлының айтыскерлік шеберлігі

Мұрат Мөңкеұлының біз қараған жазба деректерде жеті айтысы ғана бар. Айтыс ауызша таралатын өнер болғандықтан кейбір айтыстары бізге жетпеген болуы да мүмкін. Мәселен, Бәленей мен Қалнияз, Шолпан ақындармен сөз таластырғаны деректерде болғанымен мәтіні сақталмаған. Кейбір мәліметтерде алты айтысы бар делінген. Оның төртеуі бір қайырыммен, яғни Мұраттың қарсыласын алғашқы кезекте сөзден тоқтатуымен аяқталады. Осы жеті айтысының өзінен-ақ оның заманында алдына жан салмаған өлең жүйрігі, айтыстың абаданы болғаны көрінеді. Мұрат Мөңкеұлын алғаш зерттеген Халел Досмұхамедұлы: «Мұрат бала күнінен-ақ өлең айта бастаған. Он бестен асқан соң той-тобырда өлең айтуды мүсе етпей, заманындағы айтқыштардың барлығын айтысып, жеңген. Айтысқа өте шебер болған. Мұраттың өмірінде айтыстан жеңілген орны болмаған. Айтыстың көбі Мұраттың жігіт күнінде болған», деп жазады.

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023

Жақсы өмір іздеп жат елден... Немесе еңбек нарығы қалай реттеледі?

Қазіргі кезде өндіріс орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда жоғары білікті және кәсіби мамандарға сұраныс артып келеді. Сондықтан еңбек нарығын реттеудің тетіктерін жетілдіру, жұмыссыз азаматты кәсіби даярлау мен қайта даярлау үшін мемлекеттік бағдарлама жасау – негізгі мәселенің бірі және бұл ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеуді талап ететіні анық.

Сараптама • 06 Желтоқсан, 2023

Цифрлық үдерістің әл-ауқатқа әсері

Орталығы Вашингтонда орналасқан әлемдік «Pew Research Center» зерттеу орталығы таяуда цифрлық өмірдің адамзат баласына әсері туралы зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялады. Орталық жүргізген зерттеуге қатысқан респонденттердің жартысына жуығы цифрлық өмірдің адамға оң ықпалынан гөрі алдағы уақытта теріс жақтары басым болатынына бірауыздан келіскен.

Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2023

Трансшекаралық хабтарды дамыту

Үкіметте вице-премьер Серік Жұман­ға­рин­нің төрағалығымен өткен трансше­кара­лық хабтарды дамыту мәселелері жөнін­дегі жедел жұмыс тобының IX оты­ры­сында «Солтүстік – Оңтүстік» халық­ара­лық көлік дәлізінің өткізу қабіле­тін кеңейту және басқа да жобаларды іске асыру барысы егжей-тегжей қаралды.

Тұлға • 05 Желтоқсан, 2023

Айтары мол Айталы еді...

Біртуар қоғам қайраткері, ғалым, ұстаз Амангелді Әбдірахманұлы Айталыны мен 1999 жыл екінші шақырылған Парламент Мәжілісінің алғашқы отырысында көрдім. Бұрын атын естігенім болмаса, кездесудің реті келмеген еді. Осы отырыста Мәжілістің комитет төрағалығына ұсынылған кандидатуралар талқыланғанда, Әлеуметтік мәдени даму комите­тінің басшылығына ұсынылған екі-үш депутаттың ішінде Айталының да есімі аталды. Бірақ ол ұсынысқа ризашылығын білдіріп, лауазымнан бас тартты.

Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023

Әдеби Баян-Өлгей

Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында Халықаралық ақындар айты­сы­­ өтті. Айтыс ақыны, қоғам қайраткері Мұрат Пұшатайұлының 70 жыл­дық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Қыр­ғыз­стан, Қытай және Моңғолия елдерінен барлығы 22 айтыс­кер ақын қатысты.