
Президент • 10 Шілде, 2019
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсіп саласына мамандандырылған компаниямен өзара тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты. Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 10 Шілде, 2019
«Nur Suńqar» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды
«Nur Otan» партиясы ұйымдастырған журналистер арасындағы «Nur Suńqar» республикалық конкурсының оныншы мерейтойлық марапаттау рәсімі өтіп жатыр.
Аймақтар • 10 Шілде, 2019
Бақтияр Мәкен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен Мәкен Бақтияр Мәкенұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Президент • 10 Шілде, 2019
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
Қазақстан Президентіне министрліктің қазіргі жұмыстары, сондай-ақ, жаңа Экологиялық кодекстің әзірлену барысы туралы мәлімет берілді. Министр геология саласын дамыту, су ресурстарын үнемдеу, ормандарды және жануарлар әлемін қорғау үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 10 Шілде, 2019
Сенаторлар ЕЫҚҰ Парламенттік Ассамблеясының 28-ші сессиясына қатысты
Парламент Сенатының депутаттары Төлеубек Мұқашев, Дулат Құсдәулетов, Михаил Бортник, Ғұмар Дүйсембаев және Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен ЕЫҚҰ Парламенттік Ассамблеяның Люксембургте өткен жыл сайынғы 28-ші сессиясына қатысты.
Қазақстан • 10 Шілде, 2019
Білім және ғылым министрі Президент жолдаған эстафетаны қабыл алды
Білім және ғылым миинстрі Асхат Аймағамбетов Абай Құнанбайұлының «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін жатқа оқыды.
Тағайындау • 10 Шілде, 2019
Ерлан Каналимов жаңа қызметке тағайындалды
Бүгін елордалық Саяси кеңес бюросының ұсынуымен Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Ерлан Каналимов тағайындалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 10 Шілде, 2019
Балалар Арыстан Семейге жазғы лагерьлерге демалуға келді
Арыс қаласынан келген алғашқы 50 шақты баланы Семейдегі теміржол вокзалынан «Қазағым» әнін шырқап семейліктер өте жақсы қарсы алды. Қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев келген Арыс қаласының балаларына жылы лебізін арнады.
Үкімет • 10 Шілде, 2019
Жыл басынан бері 10 индустриялық жоба іске қосылды - А. Ержанов
Соңғы 5 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнім өндірісі 2%-ға өсіп, 11,8 трлн теңгені құрады. Бұған тау-кен өндірісі секторының 0,7%-ға (6,8 трлн теңге) және өңдеу өнеркәсібінің 3,6%-ға (4,3 трлн теңге) өсуі ықпал етті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Тағайындау • 10 Шілде, 2019
Нұрқиса Дәуешов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
Бүгін Үкімет Қаулысымен Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ведомствоның жаңа вице-министрін таныстырды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.