
Қазақстан • 11 Шілде, 2019
Стилистер жеңіл өнеркәсіпті дамытуға мүдделі
Отандық сән әлемінің саңлақтары елдегі жеңіл өнеркәсіпті өркендетуді көздеуде. Таяуда елордада 50-ге жуық стилист бас қосып, аталған индустрияны ілгерілетудің амалдарын қарастырды.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра-дастан» атты мерекелік шара өтіп, онда көрмеге 40-қа жуық домбыра қойылды. Шараның мақсаты – халқымыздың ұлттық аспабын жан-жақты насихаттап, өзіне тән ерекшелігін көпшілікке жеткізу.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Тоғыз ай оқуын тәмамдап, тоқсан күн демалысқа шыққан кез келген баланың санасында жазғы демалысты қалай, қайда өткіземін деген сауал сарнап жататыны белгілі. Үш айлық үзіліске үлкен дайындықпен кірісіп, ауылдағылар қалаға, қаладағылар ауылға ағылатын мезгіл де осы. Мамыражай мамырдан, тамылжыған тамызға дейінгі аралықта ел балаларының еркін тынығуына түрлі жағдайлар жасалып қойылған. Соның бірі өткен жылдан бастау алған – «Туған елге саяхат» лагері.
Қазақстан • 11 Шілде, 2019
Елбасына ізгі тілектерін жолдады
Астана күні мен Елбасының туған күніне орай Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау хаттары әлі де келіп жатыр, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Тағайындау • 10 Шілде, 2019
Балқаш әкімі болып Ораз Таурбеков тағайындалды. Бұл туралы Балқаш әкімдігінің сайты хабарлады.
Тағайындау • 10 Шілде, 2019
Ақтөбенің бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен Ильяс Сапарбекұлы Испанов ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Тағайындау • 10 Шілде, 2019
Ермек Аманшаев жаңа қызметке тағайындалды
Ермек Аманшаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 10 Шілде, 2019
Мәжілісмендер Қызылордадағы көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылыс алаңдарына барды
Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барған «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Балайым Кесебаева, Байділдә Жылқышиев Тарас Хитуов «Баламекен» жобасы аясында салынған тұрғын үйлер құрылысымен таныстып, тұрғындармен жүздесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 10 Шілде, 2019
Гүлшара Әбдіқалықова «Зерен-2019» республикалық білім беру жастар лагеріне барды
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова «Зерен-2019» республикалық білім беру жастар лагерінің қатысушыларымен кездесті. Бұл шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 10 Шілде, 2019
Қазақстан судьяларының жұмыстары жаңаша бағаланады
Қазақстанда қыркүйектен бастап судьялардың қызметтік сапасын бағалау қолға алынады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.