Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20269 материал табылды

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023

Астанада есірткіге қарсы акция өтті

Елорданың Сарыарқа ауданында қала тұрғындары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Акция барысында  адамдарға есірткі заттарын қолданудың зиянды әсері туралы ескертетін ақпараттық буклеттер таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2023

Халықаралық сарапшылардың оң бағасы

Астанада Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Сыртқы істер министрлігі «Саламатты планетадағы бейбітшілік, қадір-қасиет және теңдік. Сот төрелігінің рөлі және адам құқықтарын ілгерілету» атты брифинг өткізді. Халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында ұйымдастырылған басқосу Конституциялық соттың бастамасымен қолға алынған.

Үкімет • 07 Желтоқсан, 2023

Кешенді жоспар бекітілді

Қазақстан Үкіметі ірі мұнай-газ және мұнай-газ-химия жобаларын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Егемен Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2023

«Хат қоржын»

Сенат • 06 Желтоқсан, 2023

Жас сарапшылар клубының отырысы өтті

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті. Онда қатысушылар Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында белгілеп берген креативті индустрияны дамыту мәселелерін және осы бағыттағы басты міндеттерді іске асыруға арналған бірлескен жұмыс форматын талқылады. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Сенат • 06 Желтоқсан, 2023

Сенаторлар Түркі Академиясының жұмысымен танысты

Бүгін Сенат депутаттары Түркі Академиясына арнайы барды, деп жазады Egemen.kz.

Президент • 06 Желтоқсан, 2023

Президент Heriot-Watt университетінің Ақтөбе қаласындағы филиалына барды

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президент жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023

Аида Балаева Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасымен кездесті

Бакуде Қазақстанның Әзербайжандағы мәдениет күндері өтті. Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынасын нығайту мақсатында өзара мәдени күндерді өткізу туралы биыл мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев келісім жасасқан еді, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 06 Желтоқсан, 2023

Астанада 16 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды

Астанада 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр. 6 қараша күні 6 айдан бастап, 10 ай 29 күнге дейінгі сәбилерді жаппай қосымша вакцинациялау басталды. Оларға желтоқсан айынан бастап, 2-4 жас аралығындағы балалар қосылды. Вакцинаны тіркелген жері бойынша емханаларда тегін алуға болады. Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаланың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вакцинация туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Қаржы • 06 Желтоқсан, 2023

Жер салығын төлеу міндетті

Салық кодексінің «Жер салығы» 14-бөліміне сәйкес салық салу мақсатында барлық жерлер белгілі бір санатқа жатады, деп жазады Egemen.kz.