
Тағайындау • 31 Шілде, 2019
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері тағайындалды
ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі болып қайта аталуына байланысты, ҚР Үкіметінің қаулысымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері қызметтеріне Марат Рахмалыұлы Нұрғожин, Асхат Елубайұлы Оразбек, Абылайхан Есенұлы Оспанов, Дарын Шылбыұлы Тұяқов тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Сенаторлар Павлодар облысындағы ауыл еңбеккерлерімен кездесті
Парламент Сенатының депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысындағы жұмыс сапары барысында Қараоба ауылдық округіндегі Әуелбек ауылында салынып жатқан су құбырының құрылысымен танысып, кәсіпорын басшысымен өндіріс мәселелерін талқылады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 31 Шілде, 2019
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізіледі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Технология • 31 Шілде, 2019
IT саласындағы соңғы жаңалықтар қандай?
Саладағы соңғы отандық және әлемдік жаңалықтарды назарларыңызға ұсынамыз.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Ақтауда медициналық сақтандыру жүйесі туралы семинар өтті
«Медициналық сақтандыру қоры» жергілікті сарапшылары Ақтаудағы бірнеше медициналық ұйымдарға оқыту-семинар жүргізді. Семинар денсаулық саласындағы жаңа реформа – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енуі жайында болды.
Қазақстан • 31 Шілде, 2019
Нұр-Сұлтанда IEO 2020 халықаралық экономика олимпиадасы өтеді
АХҚО Бюросы Astana International Campus алаңында IEO-2020 мектеп оқушылары арасында экономика бойынша келесі Халықаралық олимпиаданы өткізеді. Оған жыл сайын 20-дан астам елден 100-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысады.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы салынады
Қала әкімі Алтай Көлгінов Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Аталған мекемеде мамандар мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Әлем • 31 Шілде, 2019
Сібірдегі орман өрттерін өшіру тиімсіз – Greenpeace (видео)
«Сібірдегі орман өрттерін қазір өшірген пайдасыз, өшіруді бір ай бұрын қолға алу керек еді», деп Greenpeace орман бөлімінің басшысы Алексей Ярошенко хабарлады.
Қазақстан • 30 Шілде, 2019
Болат Мажағұлов Президент Әкімшілігіне қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениент және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Президент • 30 Шілде, 2019
Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды
Президент Қ. Тоқаев Е.Қ. Айтахановты Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.