
Жастар • 14 Желтоқсан, 2023
«Jastar jalyny-2023» фестивалінің қорытындысы жарияланды
Астана қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда елорданың 13 университеттерінің арасында желтоқсанның 4-13 күндері аралығында өткен «Jastar jalyny-2023» фестивалінің жүлдегерлері 10 номинация бойынша анықталғанын һәм марапатталғанын елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2023
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін нышандарының бірі. Олар мемлекет имиджінің ажырамас бөлігін құрайды, азаматтардың патриотизмін білдіреді.
Саясат • 14 Желтоқсан, 2023
Энергетика саласындағы әріптестік
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Doosan Enerbility» компаниясының маркетинг жөніндегі вице-президенті Юнхо Янгпен кездесті.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2023
Атырау облысында жүргізілген кешенді күрделі жөндеу жұмыстары нәтижесінде кеңейтілген «Астрахан – Маңғышлақ» магистралды су құбыры іске қосылды. Премьер-министр Әлихан Смайылов бейнебайланыс арқылы нысан жұмысын ресми түрде іске қосты.
Құқық • 13 Желтоқсан, 2023
Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова бастаған Қазақстан делегациясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысты. 10-13 желтоқсан аралығында Женевада өткен жиын – БҰҰ-ның осы жылғы айтулы оқиғасы.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күніне орай үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында турнир өтті
Астанада үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екінші республикалық жарыс ұйымдастырылды. Шараға Туризм және спорт министрлігінің өкілі Әділхан Өмірзақов, қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай, Республикалық «Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Қоян-қолтық ұрыс спортынан жеңімпаздар анықталды
ТМД-ға мүше мемлекеттер достық армиялары арасындағы армиялық қоян-қолтық ұрыс чемпионаты мен Қазақстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық турнирдің қорытындысы шығарылды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 180-нен астам спортшы қатысқан жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Қорғаныс министрінің кубогы үшін Қазақстан күштік құрылымдарының 16 құрама командасы күш сынасты.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023
Динара Құлыбаева: Білім беру жүйеміздің бірегей қолтаңбасы бар
Отандық білім ордаларының арасында 25 жылдан бері өзіндік орнын алып, балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейін бірегей оқыту моделін құрған «NNEF» қоғамдық қорына қарасты білім беру мекемелерінің өкілдері Алматыда өткен іс-шарада бас қосты.
Егемен Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2023
Басылым • 12 Желтоқсан, 2023
«Қазақ газеттеріне» жазылайық!
Алаштың айтулы күні ұлт зиялылары аманатын жеткізгелі отырмыз. Биыл жарық көргеніне 110 жыл толып отырған, ұлт көсемдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастап шығарған «Қазақ» газеті 8 мыңнан астам данамен байтақ елдің бар түкпіріне, Петербург, Мәскеу, Уфа, Қазан, Том, Орынбор қалаларына, тіпті Шығыс Түркістанға (Қытай қазақтарына) дейін тарағаны мәлім. Сол кездегі халық саны мен сауаттылығына шаққанда һәм қатынас құралдарының тапшылығын ескергенде, бұл – ең әуелі жанкешті еңбек әрі ел болуға ұмтылудың жарқын көрінісі болды.