
Спорт • 26 Қараша, 2019
Шорт-трекшілер Жапонияға аттанды
29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагое қаласында шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңдік сайысының шымылдығы түріледі.
Үкімет • 26 Қараша, 2019
Елімізде орташа жалақы 182 мың теңгені құрайды
Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов еңбек қатынастарын реттеу шаралары туралы баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 26 Қараша, 2019
Мемлекеттік шекараны межелеу мен шегендеу заңнамалық тұрғыда реттеледі
Қазақстанда мемлекеттік шекараны межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету үдерісін заңнамалық реттеу жоспарланып отыр. Оның ішінде, картографиялық, геодезиялық, топографиялық, гидрографиялық және аэрофототүсірілім жұмыстарын жүргізу туралы айтылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 26 Қараша, 2019
АШМ: Ветеринарлық тексеріс ескертусіз жүргізіледі
Кеден органдары мен өңірлік әкімдіктер ветеринарлық-санитарлық бақылау-қадағалау функцияларының бір бөлігін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына қайтарады. Бұдан былай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау инспекторлары шаруашылық субъектілерін кенеттен тексеру жұмыстарын жүргізе алады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 26 Қараша, 2019
«Азаматтарға арналған үкімет» 10 айда 24 млн астам қызмет көрсетті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында «электронды үкіметті» дамыту және тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташева Мемлекеттік корпорацияның жұмысының қорытындылары туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Туризм • 26 Қараша, 2019
Тоғыз өңірдің тур операторлары Бурабайдың әлеуетімен танысты
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы ұйымдастырған үшінші республикалық ақпараттық тур өз мәресіне жетті. Қарашаның 22-24 аралығындағы үш күндік тур аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 23 тур оператор Щучинск-Бурабай курорттық аймағын аралады. Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Қостанай, Петропавл, Семей, Өскемен және Елорданың өкілдері жергілікті турөнімді пысықтап, жаңа ұсыныстармен танысты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 26 Қараша, 2019
Жастар театрында ерекше актерлер өнер көрсетеді
Бүгін 18.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар театрында ерекше актерлер театры абырой, ар, ерлік және дәстүрге адалдық сынды жалпы адами құндылық мәселелері, ерекше қажеттілікке ие адамды әлеуметтендіру тақырыбын негіз етіп алынған #Мы с тобой одной крови әлеуметтік драмасын көрермендер назарына ұсынады. Көрсетілімді «Дегдар» Қорының қолдауымен Ұлттық Дельфий Комитеті ұйымдастырып отыр.
Тағайындау • 26 Қараша, 2019
Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 26 Қараша, 2019
Үкіметте еңбек қатынастарын реттеу мәселелері қаралды
Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек қатынастарын реттеу мәселелері қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қоғам • 26 Қараша, 2019
Жастарға жалдамалы пәтер: Қатысушылар өтінімдерін түзете алады
27 қарашада «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға құжаттар тапсырған азаматтар арасында толық емес құжаттар пакетін жіберген қатысушылар өз өтінімін түзете алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлады.