
Қоғам • 08 Тамыз, 2019
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылдарда 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады
ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов ауылдарда тұрмыс сапасын арттыру және жоғары білікті мамандарды тарту шаралары туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қоғам • 08 Тамыз, 2019
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында 4 мыңға жуық маман баспана алады
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов пен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарушы директоры Думан Оспанов ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру қорытындылары мен тетіктері туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2019
Ауғанстанның алуан айшықты әлемі
Жуырда Орталық мұражайға бас сұғып тағдыры қатпарлы Ауған елінің тарихынан хабар беретін айрықша көрме-жәрмеңкесін тамашалаудың сәті түсті. Көрерменнің ықыласына бөленген айтулы көрмені Алматыдағы Ауғанстан Ислам Республикасының Сауда атташесі, Ауғанстанның Сауда және индустрия министрлігі және Іскер әйелдер қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған.
Қоғам • 08 Тамыз, 2019
Қоғам • 08 Тамыз, 2019
«Қазақтың әлемдік өркениетке қосқан үш нәрсесі бар. Соның бірі – киіз үй» деген Ғабит Мүсірепов дүниежүзілік сәулет өнеріндегі қазақтың қолтаңбасын айқындап берген. Сол киіз үйден басталған қазақ сәулет өнері бүгінде кемелденіп, ұлттық нақыштағы өрнегі мен болмысы бар бірегей келбетке ие болып отыр. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби сәулетшілер Төлеу Бәсенов пен Малбағар Меңдіқұловтар құрған сәулет мектебінен түлеп ұшып, қазір өз мектептерін құрып отырған таланттар аз емес. Солардың ішінен оқ бойы оза шапқан сәйгүліктері де аз емес. Солардың бірі әрі елге танымал сыйлысы ретінде Әбдісағит Шаймұханбетұлы Тәтіғұловты атар едім.
Қоғам • 08 Тамыз, 2019
Президент Қадыровпен селфи жасаған
Шілде айының аяғында Чешенстанның астанасы Грозный қаласында Чешен Республикасының тұңғыш президенті, Ресей батыры Ахмад қажы Қадыровты еске алуға арналған жекпе-жектің ММА түрінен балалар арасында халықаралық жарыс өткен болатын. Осы жарысқа Қазақстанның намысын қорғауға барған оралдық балалар қала көшесінде Чешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыровпен кездесіп қалып, бірге суретке түскен.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2019
Оң бағытқа бастайтын бағдарлама
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын отандық тарих ғылымын одан әрі дамытуға серпін берер сүбелі құжат деп атауға толық негіз бар. Ал осы мақала аясындағы «Архив-2025» бағдарламасы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік архивтерді дамытудың оң бағытына бастар жол екендігі даусыз.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2019
Алыстағы Аққұм ауылы атына сай құмдауыт жерде қоныс тепкен. Мұнда су тапшы, тұрғындар ауласына көкөніс егуге, бала-шағасын «көкше байлықпен» алдауға мүмкіндігі аз. Ауласында жайқалып тұрған көкөнісі болмаған соң, амал жоқ маңайдағы диқандарға қарайлайды. Баяғы бей-берекет заман емес, бүгінгінің диқаны қолындағысын пұлдап береді. Ауылда асып-тасып бара жатқан қаржы жоқ. Сондықтан бұл ауыл халқының дастарқанына көкөніс көп қойылмайды да.
Қоғам • 08 Тамыз, 2019
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасында автомобиль жолдарының сапасын көтеру, бес жылдың ішінде республикалық маңызға ие жолдардың жағдайын 100 пайызға, облыстық және аудандық маңызға ие жолдарды 95 пайызға жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізу туралы міндет қойған болатын. Осылайша Мемлекет басшысы «үйге дейінгі жол» қағидасы жүзеге асырылуы керек екенін айтты.
Руханият • 07 Тамыз, 2019
«Номгон-2019» экспедициясы алғашқы археологиялық қазба зерттеулерін табысты бастады
Бұл туралы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook-тағы парақшасында жазды.