Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3067 материал табылды

Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023

Еларалық маңызды жоба

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен CNPC компаниясының президенті Хоу Цицзюнь (ҚХР) Қазақстан мен Қытай арасындағы бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар аясында мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Кездесу бейнеконференция форматында өтті.

Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2023

Активтерді қайтару: Ел игілігін еселендіретін қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың басында өткен Мәжілістің «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты кеңейтілген отырысында капиталды заңсыз шығару мәселесін өткір көтеріп, елден шығатын барлық транзакцияны және оларға қатысты адамдарды нақты бақылауды тапсырды.

Руханият • 27 Желтоқсан, 2023

«Тура сөзін айта алмай...»

Жанның үш қуаты туралы Абай пікірінің түпкі таным-тамыры туралы «Жан және «Еуропаның жағалауы» атты мақаламыз туралы «Абайды дұрыс зерделейік» («Egemen Qazaqstan», 22.12.2023) атты бізге түсініксіз ойында пәлсапашы-академик Ғарифолла Есім: «Сіз философияның нендей білім саласы екенінен хабарсыз екенсіз» деп, өзін «ұлт қамын ойлаған» абайшыл, ал бізді («Абай өмірде болмаған, ол – қолдан жасалған жалған тұлға. Оның өлеңін Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов, ал қарасөзін М.Әуезов жазған», «Абай жолын» Л.Соболев жазған», «М.Әуезов – Сталиннің фавориті» деген күлдібадамның «ғылыми жұмысына» жетекшілік етпесек те) Абайды «шоқындыруға ұмтылғандар» ретінде көрсетіпті.

Егемен Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2023

«Хат қоржын»

Басылым • 27 Желтоқсан, 2023

Ғұламаның ғаламдық жолы

2023 жылдың айрықша бір жаңалығы – Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы бағдарлама аясында жарияланған «Ғалам таныған ғұлама (М.Х.Дулати: қайраткер, ғұлама ғалым, жазушы)» атты кітап. Авторы – белгілі қаламгер, зерттеуші, аудармашы Мұхтар Қазыбек.

Әйел әлемі • 27 Желтоқсан, 2023

Әйел мерейінің мәртебесі

Жүйелі гендерлік саясат – бейбітшілікке, өркендеуге, тұрақты дамуға негізгі қадам. Сондықтан оны іске асыру еліміздегі өзекті бағыттардың біріне айналып отыр.

Сараптама • 27 Желтоқсан, 2023

Жүк тасымалының әлеуеті

Дүниежүзілік банк 2023 жылдың қараша айында «Орта сауда-көлік дәлізі. 2030 жылға қарай жүк тасымалын үш есе арттыру және жол жүру уақытын екі есе қысқартуға қажетті стратегиялық шешімдер мен инвестиция» атты зерттеу нәтижесін жариялады. Материалда орнықты инвестиция мен саяси шешімнің арқасында Қытай мен Еуропа нарығын Орталық Азия, Кавказ арқылы байланыстыратын Орта дәліздің бойындағы сауда көлемін алдағы онжылдықта үш есе арттыру мүмкіндігі қарастырылған.

Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023

Кооперациядан ұтарымыз көп пе?

Осыдан 7 жыл бұрын, дұрысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заң қолданысқа енді. Ондағы мақсат – ауыл шаруашылығы кооперативтері мүшелерінің құқықтық жағдайын, заңды міндеттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының құқықтық жағдайын, олардың құрылу қызметі, қайта ұйымдастырылуы және таратылуы тәртібін айқындау.

Руханият • 25 Желтоқсан, 2023

Ұлттық өрлеу ұйытқысы

Алаш ренессансын тудырған алыптар тобының алдаспаны – Халел Досмұха­мед­­ұлының елдік қасиеттерден суарылған қазыналы мұрасынан алар тағылым толастамақ емес. «Шын азаттықты білім береді» («Мәшиненің күші»), «Мәдениеттің негізі – білім» («Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы»), екенін қадап көрсеткен энциклопедист тұлғаның нақыл сөздері халқымыздың отаршылдықтан арылудағы қилы тағдырын, ояну дәуіріндегі әлеуметтік сілкінісін, мемлекеттілігін қайта жаңғыртуымен сабақтас ғылым өріндегі серпілісін, мәдениет биігіндегі өрлеу өрісін танытады.

Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023

Дәрігердің ұмытылмас еңбегі

Арқа төсінде ерен ең­бе­гімен, адамдық кел­бе­тімен, саналы ұрпа­ғы­мен ізі қалған жандар­дың бірі – Сайлау (Енжіл) Сәбитұлы. Ол зиялыларды баудай түсірген 1937 жылы Бұланты өзенінің бойындағы Ақжал қыс­тағында дүниеге келген. Ал орта білімді Қарсақбай кентіндегі мектептен алған. Одан кейін білімін жетілдіріп, бір мамандықтың иесі атануға бел буған кейіпкеріміз­дің таңдауы сол уақытта қазақ ортасы зәру болған дәрігерлікке түседі.