
Президент • 29 Қараша, 2019
Президент мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелдіні қабылдады
Мемлекет басшысы мен Парламент Сенатының бірінші төрағасы Орталық Азиядағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдар жөнінде пікір алмасты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Үкімет • 29 Қараша, 2019
Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан маңындағы айналма автожолды ашу рәсіміне қатысты
Премьер-Министр Асқар Мамин ұзындығы 87 шақырым болатын Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы айналма автожолды ашу рәсіміне қатысты.
Президент • 29 Қараша, 2019
Мемлекет басшысы Франция бизнесінің өкілдерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Франция Қазақстанның Еуропалық одақ аясындағы негізгі серіктесі екенін және еліміздің екіжақты ықпалдастықты дамытуға баса мән беретінін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Қараша, 2019
Елбасы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне қатысты
Шағын құрамдағы кездесу қорытындысы бойынша төрт елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік жиналысының құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 29 Қараша, 2019
Жемқорлықпен күресу құндылықтары
Тәуелсіздік алғаннан кезеңнен бері еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының негізгі мақсаты – тиімді тетіктер мен институттарды құру екені көпке аян. Бұл үрдіс үнемі жетілдіріп келеді. Және мемлекеттік басқару құрлымының назарына түскен емес. Бұл жұмыс ел аумақтарында белсенді жүріп жатыр.
Аймақтар • 29 Қараша, 2019
Елбасы тапсырмасы – маңғыстаулық партия активінің назарында
Елбасының төрағалығымен өткен аймақтық филиал өкілдерімен кездесуінің қорытындысы бойынша және Тұңғыш Президенті күніне орай партия активінің жиналысы болды. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өткен басқосуда өңір басшысы Н.Назарбаевтың партияның аймақтық филиалдар өкілдерімен кездесуі жайында әңгімеледі. Бұл туралы филиалдың баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 29 Қараша, 2019
Ташкентте Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев кездесті
29 қараша күні Ташкентте Орталық Азия Мемлекет басшылары екінші консультативтік кездесу алаңында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 29 Қараша, 2019
Мұрат Шаймаран. Ғарыш жақтан құлайды сөз...
Мұрат Шаймаран 1969 жылы 13 қарашада ҚХР Үрімжі қаласында дүниеге келген. Іле педагогикалық институтының «Қытай тіл-әдебиеті» факультетін тәмамдаған. 1993 жылдан бастап «Күйтің газеті» қазақ тілі басылымында әдеби редактор болып жұмыс істеген. Қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде оқытушы қызметін атқарады. «Түнгі сарын», «Еркін аспан өлеңі», «Жасыл түн» жыр жинақтарының авторы.
Руханият • 29 Қараша, 2019
Орынборда «Егемен»-нің жүз жылдығына орай дөңгелек үстел өтті
«Ұшқын» алғаш жарық көрген Орынбордағы Н.Крупская атындағы облыстық кітапханада «Егемен Қазақстан»-ның жүз жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы «Eqemen Qazaqstan» газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі facebook-тегі парақшасында жазды.
Үкімет • 29 Қараша, 2019
А.Мамин Франция бизнес қауымдастығының аса ірі бірлестігімен келіссөздер өткізді
Премьер-Министр Асқар Мамин Франция-Қазақстан іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикарер бастаған «Франция-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының мүшелерін және Франция кәсіпорындары қозғалысының (MEDEF) өкілдерін қабылдады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.